Бабаға құрмет – бізге міндет

0

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы – ұлт тариxының бастаулары, Ұлы дала өркениеті, түркі әлемінің генезисі және өзге де ауқымды тақырыптарды қамтыған әрі ұлтты жаңа ойларға жетелейтін кезекті мақала. Бұл еліміздің терең тарихы мен мәдениетін кеңінен насихаттауға, жарқын болашақты қалып­тастыру жолында сенімді тұғырнама құруға, халқымыздың келешекке жасаған әр қадамын, мақсатын нақты және айқын жоспарлауға мол мүмкіндік береді.
Иә, егемен ел болып, ес жиғалы өтке­німізді түгендеп, тегімізді танып келеміз. Біздің даму тарихымызда мақтан тұтуға болатын жетістіктер өте көп. Барлық қол жеткізген жетістіктер мен ел тарихында елеулі орын алатын тарихи оқиғалар ұлы дала аумағында болғанын мақтанышпен айтамыз.
«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы – әрбір қазақстандыққа жолданған үндеу. Мемлекет басшысының халықтың тағдыры мен оның өткені туралы ой-пікірлері аталған туындыда анық байқалады. Елбасы мақалада Ұлы даланың жеті қыры – атқа міну мәдениеті, Ұлы даладағы ежелгі металлургия, аң стилі, Алтын адам, түркі әлемінің бесігі, Ұлы Жібек жолы туралы жақсы айтқан. Сондай-ақ Қазақстан алма мен қызғалдақтың отаны екендігін де атап өткенін жақсы білеміз.
Түп-тамырымызды жете танудың жолы тарихқа деген дұрыс ұстанымнан бастау алатынын айтқан Елбасы мақаланы қорытындылай келе, бұл бастамаларды «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағдар­ламасы секілді жемісті жүзеге асыруға ша­қырды. Мемлекет басшысы өткенді мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту еліміздің та­бысты болуының кепілі екендігіне ерек­ше тоқталды.
«Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуы­ның кепілі» деген Президент халқы­ның болашағына үлкен сеніммен қарайды. Сол секілді бүгінгі жастар да еліне, хал­қының салт-жоралғыларына, дәстүріне құрметпен қарауы керек. Ел тарихын зерттеп, кейінгі ұрпаққа өшпес асыл мұра қалдырған ата-бабаларымызға құрмет көрсету – басты міндетіміз.

Валерий ИГНАТЧЕНКО,
Алакөл аудандық
мәслихатының депутаты,
«Нұр Отан» партиясының мүшесі

Дереккөз: Айқын