АЗЫҚ-ТҮЛІК АЛЫП БЕРДІ | «Айқын» газеті

0

Ақтөбе облысы Байғанин ауданындағы көпбалалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға акция аясында көмек көрсетілді. Оған нұротандық депутаттар мен партия белсенділері атсалысты.

Перизат Оразбай інісінің 6 баласын қам­­қорлығына алыпты. Қазір өз бала­ларымен бірге жолдасы екеуі 9 бала тәрбиелеп отыр. Бауырына басқан балалардың алды 3-сыныпта оқып жүрсе, кішісі 5 жаста. Ба­ла­ларды облыстық мәслихаттағы «Нұр Отан» фракциясының мүшесі Әсел Сар­манова қысқы киіммен қамтамасыз етті.
– Қамқорлығыма алған інімнің бала­лары Мақсат пен Зухраға күртеше қажет болды. Партиялықтарға өтініш білдірген болатынмын. Бүгін міне, тек күртеше ғана емес, аяқ киім, бас киім, жалпы түгел қыс­қы киімдерді сыйға тартты. Риза­шылығым шексіз, – дейді көпбалалы ана.
Акция аясында көмек алған отбасы­лар­дың бірі – Лаура Аманқұлова. Ол жал­ғыз өзі төрт бала тәрбиелеп отыр. Жол­дасы дүниеден озған. Бірнеше жылдан бері ағасының аядай екі бөлмелі үйін уақытша паналауда.
– Балаларымның үшеуі мектеп жа­сында, біреуі кішкентай. Өзімнің тұрақ­ты жұмысым жоқ. Сондықтан партия­лық­тардан көмек сұраған болатынмын. Біраз күнге жетерлік азық-түлік әкеліп берді. Үй мәселесі туралы өтінішімді де жазып алды, – деді Лаура.
Партиялықтар осы күні Бозжігітов­тердің отбасында болып, ұл мен қыз тәр­бие­леп отырған екінші топ мүге­дектері Жұмақұл мен Гүлмираға қажетті азық-түлікпен қамтамасыз етті.

Жансая ҚАМБАР

Дереккөз: Айқын

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз