Әжетханаға сұранған балалар әкесін байытып жіберді

0
Әлемде

Қысқа сілтеме алу

945 0 0

Америка тұрғыны лотереядан қомақты қаражат ұтып алды

АСТАНА, 21 желтоқсан — Sputnik. АҚШ-тың Солтүстік Каролина штаты тұрғыны лотереядан ірі ұтысқа кенеліп, ол үшін отбасылық саяхат кезінде әжетханаға сұранған балаларына алғыс айтты. Бұл туралы UPI ақпараттық порталы хабарлайды.

Гастон қаласында тұратын Трэвис Порч мұхит жағалауындағы рождество алауларын тамашалау үшін балаларын алып, көлікпен Вирджиния штатындағы Вирджиния-Бич курорттық қаласына аттанады. Сапар барысында балалар әжетханаға барғысы келген соң, ер адам жол бойындағы дүкендердің біріне тоқтапты. Порч балаларын күтіп тұрғанда екі лотерея билетін сатып алады.

Бірінші билеттен америкалық 15 доллар (5000 теңгеден астам) ұтып алады. Ал екінші билеттен 150 мың доллар (55 миллион 500 мың теңге) олжаға кенелген. Ер адам өз көзіне өзі сенбей, сатушыдан тексеріп көруді сұрапты.

Порч бұл ақшаға ипотекасын жауып, қалғанын келешекке сақтап қоймақшы.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/