Қазақстанда авто бөлшектер енді қайда және қалай сатылады?

0

Қолданылған автобөлшектер тек арнайы дүкендер мен сауда орындарында сатылады. Міндетті түрде келісімшарт рәсімделуі керек

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев автобөлшектерді сату тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Бұдан былай қолданылған автобөлшектерді тек арнайы дүкендерде және сауда орындарында ғана сатуға болады. Міндетті түрде келісімшарт рәсімделуі керек. Ол құжатта автобөлшекті тапсырған адамның жеке мәліметтері көрсетілуі шарт. Бұдан бөлек, тапсырылған құрал-сайманның фотосы тіркеледі», — деді Тұрғымбаев онлайн режимде өткен есеп беру кездесуінде.

Оқи отырыңыз: ЕАЭО елдері ұрланған автокөліктердің бірыңғай базасын құрады 

Министрдің айтуынша, сондай-ақ ұлттық банкпен бірге ломбардтарға қатысты жаңа талаптар енгізілген. Осының арқасында ұрланған заттар қабылданбайды.

«Енді, ұрлық екінші рет жасалса, ондай әрекет ауыр қылмыстардың санатына жатады. Яғни қылмыскер зардап шеккен адаммен татуласа алмайды. Жазадан құтылмайды. Осы өзгерістердің арқасында ұрлықтың саны азайып отыр», — деп түйіндеді Тұрғымбаев.

sputniknews.kz