Австралиялық танымал маржан рифі құрып кетудің алдында — Қазақстан жаңалықтары

0

Ғалымдар жер шарындағы ең үлкен риф деп саналатын маржанның қырылу себебі ретінде осы жылдың ақпан айында теңіз суының жылынуы деп санайды. Өлі маржандардың ағарғаны әуеден анық көрінеді. Рифтің көп аймақтары толықтай зардап шеккен, дегенмен зиян келмеген аудандар да бар көрінеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап. 

риф

Атап кетерлік жайт, бұған дейін 2016 және 2017 жылдары рифке зарлап келіпті.

Үлкен тосқауыл рифі 2300 шақырымға созылады. Ол ең ірі әрі ерекше ғылыми және табиғи құндылық деп танылып, Дүниежүзілік мұра тізіміне енгізілген.

Өткен жылы Австралия билігі рифтің сол кездегі жағдайын өте нашар күйде деп сипаттапты.

26 наурызда қорық әкімшілігі әуеден жүргізілген бақылау нәтижесінде 2016-2017 жылдармен салыстырғанда рифтің көп бөлігі қырылуға жақын екендігін анықтапты. 

«Риф енді қалпына келе бастап еді, тағы бір қиын қыстау кезеңге душар болы, — деді қорықтың аға қызметкері Дэвид Вейхенфельд.

«Климаттың ғаламдық өзгеруіне байланысты маржандарға әсер ететін экстремалды жағдайлар жиі орын алуымен қоймай, одан сайын күшейе түсуде. Ал олардың маржанға келетін зияны адам айқысыз» ,- деп қосты ол.

риф

Алдыңғы кездері рифке келген зардап барысында маржандар мен түрлі теңіз жануарлары қырылып қалған. Десек те туристердің жиі келетін жерлерде мекен ететін теңіздің тіршілік иелері кейбір аймақтарда әлі сақталған. 

«Бұл маржандардың өмірге қайта оралуына үміт сыйлайды»,  — дейді қорық қызметкері.

«Риф — бұл тірі, динамикалық жүйе, бірақ зардап бірінен соң бірі болған кезде, рифтің қалпына келуі қиынға соғады. Бұл климаттың өзгеруіне байланысты жұмыстар жасау керек деген жаһандық табиғи сигнал»,- дейді австралиялық ғалым.

Атап өтейік, биыл Жер бетіндегі орташа температура Цельсий шкаласы бойынша 1 градусқа көтеріліпті. БҰҰ мәліметтері бойынша, орташа планетарлық температураның 1,5 градус Цельсийдің жоғарылаған жағдайда теңіз маржандарының 90% -ы құрып кетеді.

stan.kz