Ауруханада бірге істейтін сегіз медбике бірінен соң бірі жүкті болып қалды

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Аяғы ауыр әйелдер биыл маусым мен қазан аралығында босанады

НҰР-СҰЛТАН, 16 мамыр – Sputnik. АҚШ-тың Массачусетс штатындағы Пибоди қаласында аурухананың босану бөлімінде істейтін сегіз медбике бірінен соң бірі жүкті болды, деп хабарлайды The Salem News.

Әйелдер жүктіліктің әр кезеңінде, сәбилер биыл маусым мен қазан аралығында дүниеге келеді.

«Қызық болды. Бәрі қалжың сияқты басталған еді», – деп еске алады аурухана қызметкері.

Тағы оқыңыз: Үшемге жүкті болған келіншек егіз босанды: үшінші бала қайда?

Бес медбике баласының жынысын алдын ала білгісі келіпті – бәрінің ер балаға аяғы ауыр. Басылымның жазуынша, екі ай бұрын ауруханада 9 жүкті қызметкер істеген. Олардың бірі Тара Рандаццо наурызда ұлы баланы өмірге әкелді.

Босану бөлімінің басшысы Шанна Мавилио сегіз медбикенің декреттік демалысқа кететініне дайын. «Жүктіліктің жақсы сол – алдын ала дайындалуға мүмкіндік бар», – дейді ол.

Тағы оқыңыз: Әйел адам бір уақытта екі еркектен жүкті болды



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз