Ауқымды бизнес-мүмкіндіктерге арналған корпоративті карта — Қазақстан жаңалықтары

0

Бизнесінің барлығы болмаса да, кейбір ішкі процестерінің тиімділігін арттыруға ынталанбаған кәсіпкер жоқтың қасы шығар, сірә. Бухгалтерияны қалың дәптер бастап жүргізетін, қаржылық мәселелерді шешу үшін, мәселен, түскен пайданы жинау үшін қаланы шарлап сауда нүктелерін аралап шығу, жеткізушілермен есеп айырысу немесе банкке бару сияқты күйбең тірліктің заманы артта қалған.

Ақша – уақыт

Енді бизнеспен айналысатын кәсіпкерлерде басқа процестерге алаңдамай, нақты жасалуы тиіс әрекеттерге көңіл бөлуі үшін мүмкіндік артқан. Ол үшін тәжірибе жүзінде дұрыс бизнес құралдарды тауып, оларды қолдана білу қажет. 
Заманауи технологиялар әлемді күрт өзгертуде. Бұрынғы банк бөлімшелеріне бару мен қолма-қол ақша орнын күн өткен сайын онлайн-банкинг пен банктік карталар алмастырып келеді. Бұл қарапайым өмірдегі үйреншікті нәрсеге айналумен қатар, бизнес ортаға да тереңірек енді.

Мысалы айтар болсақ, жеке кәсіпкерлерге арналған ATFBusiness мобильді қолданбасы. Егер АТФбанктің корпоративті картасы болса, бұл сервис тіпті ыңғайлы бола түседі. Бәрі жинақтала келе бизнестегі қаржыны қашықтан басқару мүмкіндігіне айналады. Мобильді банкингтің қыр-сырын халық түсінгенмен, корпоративті картаның артықшылықтарын көбісі әлі байқай қоймаған. Айта кету керек, оларды қолданушылар қатары күн өткен сайын артып келеді. АТФБанкте клиенттердің корпоративті картаға деген қызығушылығы бұл өнімнің техникалық және сервистік мүмкіндіктері жоғары болуына байланысты туындаған. 

АТФБанктің бизнес-картасы

Айналысатын ісіңіздің ауқымы мен профилінің ерекшеліктеріне байланысты бизнесте туындайтын қажеттіліктерге қарай АТФБанктен өзіңізге сәйкес келетін корпоративті картаны таңдасаңыз болады:

  • Жеке кәсіпкерлерге аналған Visa Business картасы — шағын бизнес иелеріне, жеке кәсіпкерлер, нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, медиаторлар, шаруа қожалықтарының иелері  үшін әзірленген,
  • Visa Business Platinum картасы — меншік нысаны АҚ және ЖШС болатын заңды тұлғаларға арналған,
  • Visa Business Platinum картасы — квазимемлекеттік компанияларға, ұлттық холдингтерге, мемлекеттік қаржылық, медициналық және білім беру мекемелері үшін жарамды,
  • Visa Business кеден картасы – сыртқы экономикалық қызметпен айналысатын заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер үшін кеден қызметтеріне төлем жасауға ыңғайлы.

Айта кету керек, корпоративті карта – бәрімізге белгілі кәдімгі қолданыстағы карта, оның айырмашылығы ол жеке тұлғалар үшін емес, заңды тұлғалар үшін шығарылады. Оның көмегімен банк бөлімшесінің немесе өз бухгалтеріңнің жұмыс кестесіне тәуелді болмай, 24/7 режиміндегі кез келген уақытта ұйым қаржысын басқара аласыз. Көрсететін қызметі бойынша қалыпты картадан ешқандай айырмашылығы жоқ – онымен дүкеннен сатып алған затқа төлем жасайсыз, банкоматтан қолма-қол ақша шешіп алсаңыз болады, интернет арқылы төлемдер жасауға және т.б. қаржылық әрекеттерді жасай аласыз. Сонымен қатар, АТФБанктің шығаратын бизнес-карталарымен контактісіз төлемдер жасай аласыз және қас қағым сәтте карточкааралық Р2Р-аударымдарын жасай аласыз. Сонымен қатар, аз ғана уақыт бұрын көптеген корпоративті картаның кемшілігі картадан картаға аудару функциясының болмауында еді.

Енді АТФБанк клиенттері контрагенттермен есеп айырысу үшін оның корпоративті картасының нөмірін білсе болғаны. Сондай-ақ, копоративті картадан жеке тұлғаның картасына және кері корпоративті картаға  аударымдар жасауға болады. 

Жұмсалатын қаржыны оңтайландыру кәсіпкерлер үшін әрдайым маңызды. Сондықтан да, АТФБанктің бизнес-карталарын ұстаушылар үшін пайдалы бонустардың бірі барлық жасалған саудадан түсетін 1% мөлшеріндегі кешбэк. 

«Қашықтағы» бизнес

ТЖ шарттарында бизнестің қашықтан жұмыс істеу режиміне өтуі осы картаны ұстаушылардың өнімнің өте ыңғайлы екендігіне тағы бір көзін жеткізді. Карантин кезінде  тапсырыс арқылы дайын тағамды клиенттерге жеткізіп беруге көшкен шағын алматылық кафе иесі – Нұрлан есімді жігіт барлық қызметтер үшін АТФБанктің корпоративті картасымен төлем жасайтындығын айтты. Оның көмегімен барлық кафеге қажетті азық-түлік пен техниканы сатып алады, жеткізіп беретін көлігіне бензин құяды, қызметкерлер үшін мобильді байланыс пен коммуналдық қызметтерге төлем жасайды. 
Бір жыл бұрын Нұрлан банкте өзінің есеп шоты бойынша өзіне және бірнеше жауапты қызметкерлеріне бизнес-карталар ашқан. Осыдан кейін, жұмыс барысында заттар сатып алу үшін қызметкерлерге есепке ала отырып ақша беру сияқты бас қатырарлық әрекеттер артта қалған. 

— Маған сол кезде-ақ бухгалтерім рақмет айтты. Қазіргі қаладағы қозғалыс шектелген уақытта қызметкерлеріме ақша аудару бойынша менде ешқандай қиыншылық болмады. Кез келген уақытта жігіттерге қажетті заттарды сатып алуға тапсырма бере аламын, ақша мәселесі бізде болмайды. Оның үстіне жеке ақшаң мен айналымдағы ақшаны шатастырмай, барлық шығынды бақылап отыру оңай бола түсті, ал келетін смс хабарлама есеп шот бойынша барлық операциялар туралы мені хабардар етіп отырады, бәрі ойластырылған, өте ыңғайлы, — дейді кәсіпкер.  

Бизнес-картаны таңдаған кезде оның қосымша мүмкіндіктеріне де жіті назар аудару қажет. Мысалы, АТФБанктің мәртебелі карталарын ұстаушылар үшін кейбір шетелдік әуежайларда бірқатар рәсімдерден жылдам өту, бизнес-залдарға қолжетімділік, саяхаттау кезінде медициналық және заңмен қолдау қызметтері, қонақ үйлердегі жеңілдіктер және авто көлікті жалға алуға жеңілдік сияқты бірнеше артықшылықтар қарастырылған. Жақын күндерде  бәрі реттеледі, сол кезде шетелге шығу, саяхаттау да қарқын алары сөзсіз. 

stan.kz