Ауа райына байланысты үш қалада мектепте сабақ тоқтап, жол жабылды

0

Нұр-Сұлтан, Семей және Қарағандыда ауа райына байланысты мектептерде сабақ тоқтатылды. Қазақстанның бірнеше аймағында жол жабылды.

Нұр-Сұлтан қалалық білім беру басқармасының дерегінше, 23 қаңтарда қала мектептерінде бірінші ауысымда оқитын оқушылар мен колледждің 1-2 курс студенттеріне сабақ болмайды. Әлеуметтік желі қолданушылары қалада ақтүтек боран соғып, аяз екенін айтады. Ауа райы мамандарының дерегінше, мұнда жел жылдамдығы секундына 8-17 метрді құраған.

Семейде боранның салдарынан бірінші ауысымда оқитын 1-9 сынып оқушыларына сабақ тоқтатылған. Қарағандыда 4 сыныпқа дейінгі балаларға сабақ бомайды.

Жергілікті ақпараттық сайттардың хабарлауынша, Қарағандыда 0-4 сынып оқушылары, Семейде бірінші ауысымда оқитын 1-9 сынып оқушылары сабақтан босатылды. .

«Қазавтожол» ұлттық компаниясының баспасөз қызметінің дерегінше, ауа райына байланысты республикалық трассалардың 25 пайызына жуығы жабылған. Төтенше жағдай комитетінің дерегінше, 22 қаңтардан бастап ауа райының нашарлауына байланысты Нұр-Сұлтаннан бес бағыт: Павлодар, Қарағанды, Қостанай, Щучинск, Қабанбай батыр бойынша жүретін жолдар жабылған.

Azattyq

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз