Ауа райы болжамы: 4 маусым

0

Синоптиктер ертең Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым — Sputnik. Қазгидромет синоптиктері 4 маусымға ауа райы болжамын ұсынды.

«Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы, кей жерде жаңбыр жауады, оңтүстік-батыс пен солтүстік-шығыста – жауын-шашынсыз», — делінген хабарламада.

Метеорологиялық болжам бойынша республиканың кей жерінде күн күркіреп, жел тұрады, шаңды дауыл соғып, бұршақ түсуі мүмкін, солтүстікте кей жерде – тұман.

Ірі қалалардағы ауа райы

Нұр-Сұлтанда 4 маусымда түнде 11 градус жылы болады, күндіз ауа температурасы 27-29 градусқа дейін көтеріледі, жауын-шашын болмайды.

Алматыда түнде ауа температурасы 17 градус жылы, күндіз сынап бағанасы 20-22 градусқа дейін көтеріледі, күн күркіреуі мүмкін.

Тағы оқыңыз: Астролог маусым айына болжам жасады: қазақстандықтарды не күтіп тұр?

Шымкентте 4 маусымда түнде ауа температурасы 15-16 градус жылы болады, күндіз – 26-27 градус жылы, жаңбыр жаууы мүмкін.

Өңірлерде ауа райы қандай болады

Ақтөбе, Қарағанды, Ақмола, Жамбыл облыстарында кей жерде дауыл соғып, желдің екпіні 15-20 м/с жетеді, бұршақ жауып, тұман түсуі ықтимал.

Солтүстік Қазақстанда тұман түсіп, жел күшейеді. Ұйытқуы 23-28 м/с жетіп, бұршақ түсуі мүмкін.

Қостанай облысында кей жерде дауыл соғады, желдің екпіні түнде кей жерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, ұйытқуы 23 м/с, кей жерде – бұршақ.

Тағы оқыңыз: Маусым айына ауа райы болжамы

Алматы, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстарында желдің екпіні 15-20 м/с.

Күндіз Қызылорда, Атырау облыстарында кей жерде шаңды дауыл соғып, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Павлодар облысында кей жерде тұман түседі.

Атырау облысында, Маңғыстау облысының кей жерінде күндіз аптап ыстық.

Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Жамбыл, Түркістан облыстарында кей жерде төтенше өрт қаупі болады.



sputniknews.kz