Атыраудағы Теңіз кен орнында жаппай коронавирус таралуына байланысты комиссия тексеріске кірісті — Қазақстан жаңалықтары

0

Атырау облысындағы Теңіз кенішінде коронавирус жұқытрғандардың саны мыңға таяды. Осыған байланысты ұйымға арнайы комиссия жіберілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Теңіз

Бұл туралы еліміздің бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлім етті. Сөзінше, Қазіргі кезде кен өндіру жұмыскерлерінен бөлек, «PetroKazakhstan» және «Қазақмыс» мекемелерінің қызметкерлері де ауру жұқтыра бастаған.

«Індетке шалдығу көрсеткішінің өсіміне жабық ұжымдардағы науқастар санының артуы себеп болып отыр. Бүгінгі күні 935 жағдай тіркелген Теніз кенішінде сырқаттанушылардың артуы байқалады. Шымкентте де «PetroKazakhstan Oil Production» ЖШС қызметкерлері арасында жаппай сырқаттану тіркелді. Компания қызметкерлері арасында 101 жағдай, мердігер ұйымдарда — 23 және үй ошақтарында байланыста болғандар арасында 69 жағдай тіркеліп отыр. Қарағанды облысында «Қазақмыс» коропорациясы кеніштерінің бірінде 34 жағдай тіркелді», — дейді Есмағамбетова. 

Бүгінгі күні Теңіз кенішінде коронавирустың үлкен ошағына айналуына байланысты аталған ұйымға арнайы комиссия жіберілген. 

«Комиссия шешімімен аталған кеніште коронавирустың алдын алуға бағытталған жұмыстардың жоспары, кестесі қабылданды.Қазіргі уақытта аталған жоспардың, кестенің орындалуына бақылау жүргізу қажет. Олай болмаған жағдайда, науқастар санының артуына байланысты оқшаулануға және кәсіпорынның өздігінен не мәжбүрлі түрде жабылуына алып келеді»,- деп қосты бас санитар дәрігер.

 

stan.kz