Атыраудағы магнит адам ерекше қасиеті туралы айтып берді

0

Ер адамның денесіне кез келген металл бұйымы тартылады. Ол мұндай қасиетін жылдар бойы жасырып келген

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр — Sputnik. Атырау қаласының 70 жастағы тұрғыны Октябрь Жұмашевтің денесі металл бұйымдарды тартады. Ер адамның айтуынша, ерекше қасиеті бала кезінде пайда болған.

Алайда Октябрь Жұмашев бұл туралы айтқысы келмеген. Адамдардың бұған қалай қарайтынын білмегендіктен, қорықса керек. Әскерден оралған соң Октябрь ерекше қасиетін жақындарына көрсеткен.

«Мен технолог мамандығында оқыдым. Кейін заңгер болып қызмет еттім. Бірақ үнемі адамдарға көмектескім келетін. Сондықтан арнайы медициналық курстардан өтіп, массаж жасайтын болдым. Пациенттер тез жазыла бастағанын айтады», – деді Жұмашев «Прикаспийская коммуна» басылымына.

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ғалымдары магнетизм ағзадағы элементарлы бөлшектердің болуымен байланысты екенін жеткізді. Олар электр зарядын беретін магниттік қасиетке ие.

«Магнетизм кез келген адамда болады. Бірақ әркімде әртүрлі байқалады. Ұрпақтан-ұрпаққа берілуі де мүмкін. Қан айналымы кезінде магнит-адамда ерекше энергия немесе жылу пайда болады», – деді химия ғылымдарының кандидаты Ардақ Аманқосова.

Октябрь Жұмашев Исатай Тайманұлының ұрпағы.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз