Атырауда қонақ үйде өрт шығып, 30 бала эвакуацияланды

0

16 маусым түнгі сағат бірден кете Атыраудағы «Райхан» қонақ үйінде өрт шығып, құтқарушылар 30 бала эвакуациялады. Бұл туралы төтенше жағдай комитеті хабарлады.

Комитеттің дерегінше, «өрт ғимараттың жертөлесінде орналасқан саунаның пар бөлмесінде шыққан. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер сатымен үш баланы құтқарып, 31 адамды эвакуациялаған, оның ішінде 29-ы – бала».

Эвакуацияланған балалар Орал қаласынан жарысқа келгені анықталды. Өрт сөндірушілер жалынды түнгі 02.30 шамасында толық өщірген. Өрт аумағы – 9 шаршы метр. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Өртті сөндіруге Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 26 маманы мен бес арнайы техникасы, 20 полицей мен алты арнайы техника жұмылдырылған. 9 шаршы метрді шарпыған өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Azattyq

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз