Атырауда қоғамдық көліктер жаңарды – Аймақ|22 Қараша 2018, 14:14

0
22 Қараша 2018, 14:14 132 0

Астана, BAQ.KZ. «Daewoo» маркасының жаңа автобусы Атырау қаласындағы «12» бағыты бойынша жолға шықты, деп хабарлайды Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Атырау қаласы әкімінің орынбасары Мейірім Қалауидың айтуынша, облыс орталығы қоғамдық көлік тұжырымдамасын жүзеге асыруды жалғастыруда.

«Daewoo» маркалы жаңа автобустар 21 орындық және тұрып тұруға 75 кісіге арналған. Әрбір жаңа қоғамдық көлікте электронды билеттерді сату жүйесі енгізілді, сондай-ақ Gps-трекерлері, нәтижесінде маршруттар арасындағы жылдамдықты және интервалды бақылауға болады.

«Егер бұрын «12» бағытында 10 автобус жүрсе, қазір «Авангардтан» соңғы «Балықшы» аялдамасына дейін 15 автобус шығады. Ескі автобустарды «2», «30» және «30а» бағыттарында жүретін болады. Біз барлық 15 орталық автобустардың жаңартылуын жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, жүргізушілер жетіспеушілігі мәселесі шешілуде, бүгінгі таңда қалалық жұмыспен қамту орталығында жолаушылар көлігінің жүргізушілеріне деген сұраныс жалақының өсуінен кейін арта түсті, менің ойымша, жақын арада бұл мәселе шешімін табады»,- дейді Мейірім Қалауи.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз