Атырауда олимпиададан келе жатқан оқушылар апатқа ұшырады – видео

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Жол апаты бір адамның өмірін қиды, 9 адам зардап шеккен, оның ішінде 5 бала бар, олар түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді

НҰР-СҰЛТАН, 7 желтоқсан – Sputnik. Атырау облысында «Индер-Атырау трассасында көлік жүргізушісі көз жұмып, бес оқушы жарақат алды.

«6 желтоқсанда кешкі сағат 19.50 шамасында «Индер-Атырау  трассасының Бөдене ауылы түсында ресейлік нөмірлі Opel Vectra мен Lada Х-Ray автокөліктері соқтығысып, Opel-дің 32 жастағы жүргізушісі оқиға орнында қаза болды», — деп жазды өңірлік «Ақ жайық» басылымы.     

«Лада Х-Рей» көлігінің рөлінде Құрылыс ауылындағы орта мектептің директоры болған, ол Индер ауданы орталығынан пәндік олимпиадаға қатысқан 5 оқушыны әкеле жатқан.

9 адам зардап шеккен, оның ішінде 5 бала бар, олар түрлі жарақатпен аудандық ауруханаға жеткізілді.

Үйіне келе жатқан: Камераға түсіп қалған апат 17 студенттің өмірін қиды 

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Қазақстан Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі (Абайсызда кісі өліміне әкеп соққан көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейін тергеп-тексеру басталды.  



sputniknews.kz