Атырауда кәсіпкерлер базарлар мен сауда орындарын ашуды талап етті — Қазақстан жаңалықтары

0

Атырау облысының Құлсары қаласындағы кәсіпкерлер әкімдік алдына жиналып, карантин шараларының жұмсартылуын талап етті. Айтуларынша, соңғы екі айда шағын кәсіпкерлердің табыс көзі азайып, күнкөріс қиындай бастаған. Сондықтан олар базарлар мен сауда орындарын ашуды сұрап отыр, деп хабарлайдылысының тұрғындары жер сілкінісін сезді, — деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК-ға сілтеме беріп.

Жылыой ауданы бойынша карантиндік шара тағы екі аптаға ұзартылған. 18-маусымға дейін дәріхана, азық-түлік дүкендерінен басқа базар, сауда орталығы секілді кәсіпкерлік нысанның жұмыс істеуіне тыйым салынды. Алайда кәсіп иелері бұған көнбей, аудандық әкімдік алдында шу шығарды. Осыған байланысты бүгін облыстық әкімдіктен жасақталған топ өкілдері Құлсары қаласына арнайы келіп, жергілікті кәсіпкерлермен жүздесті. Десе де ауру ошағына айналған аумақта карантиндік шаралар қалай да сақталатын болады.

«Ауданның елді мекендерінде 43 жағдай анықталды. Оның 33-і Құлсары қаласынан шықты. Күні кеше ғана қайтыс болған екі азамат та осы ауданның тұрғындары. Қазір жиналған кәсіпкерлермен мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері кездесіп, түсіндіру жұмысын жүргізіп жатыр», — дейді Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ержан Төлек. 

stan.kz