Атырауда Әйтеке биге ескерткіш орнатылады

0

2018 жылғы 26 желтоқсан 17:50 145

Атырауда Әйтеке биге ескерткіш орнатылады

АТЫРАУ. ҚазАқпарат — Атырауда Әйтеке биге ескерткіш орнатылады. Бүгін Атырау облысы әкімдігінде биге арналып жасалған ескерткіштің 10 түрлі эскизі талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Талқылау барысында қоғам қайраткерлерінің, өнертанушылар мен Әйтеке бидің ұрпақтарының қатысуымен мүсіннің үш нұсқасы таңдалды. Қатысушылар жобаларды мерзімінде аяқтаудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ мүсіндердің авторларының қатысуымен тағы бір кездесу өткізу туралы шешім қабылданды.
Атырауда Әйтеке биге ескерткіш орнатылады

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында қазақ халқының қазіргі заман тарихындағы рухани мұралары туралы атап өтті. Біз қазақ халқының тарихында билердің алар орны ерекше болғандығын білеміз. Даналық пен көрегендіктің арқасында Әйтеке би би атанып, құрметке ие болды. Тәуке хан, Әйтеке бидің басшылығымен Жеті Жарғының негізгі авторларының бірі болды. Елдер арасындағы дипломатиялық қатынастарды дамытты. Біз оны ғасырлар бойы есте сақтауымыз керек», — дейді Атырау облысының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Саламат Сабыр.
Атырауда Әйтеке биге ескерткіш орнатылады

Жобаларды талқылау 30 қаңтарға дейін жалғаспақ. Содан кейін негізгі эскиз мақұлданады.

Айта кету керек, осығын дейін жергілікті газет пен әлеуметтік желілерде ескерткіштің үздік жобалық дизайны бойынша ашық конкурс жарияланған болатын.
Атырауда Әйтеке биге ескерткіш орнатылады 
Атырауда Әйтеке биге ескерткіш орнатылады 

 

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz