Атырауда 18 жастағы қыз коронавирусты қайдан жұқтырғаны белгілі болды

0

Коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталған алты науқас өзгелермен байланыста болған. Қазіргі кезде олармен қарым-қатынас жасаған адамдар тез анықталып, оқшауланған

НҰР-СҰЛТАН, 6 сәуір — Sputnik. Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған алты оқиғаға қатысты мәліметтер белгілі болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Олардың ішінде үшеуі 1986, 1983 және 1960 жылы туған ер адам. Сондай-ақ 1969 және 1957 жылы туған екі әйел бар.   

«Ал алтыншы науқас 18 жасар қыз. Олардың бұрын вирус жұқтырған адамдармен байланыста болғаны анықталды. Қазіргі кезде барлығының денсаулық жағдайы қанағаттанарлық», – делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.

Дәрігерлердің мәлімдеуінше, науқастар жұқпалы аурулар ауруханасында тиісті ем қабылдауда. Алты науқаспен байланыста болған адамдар да тез анықталып, оқшауланған.

Айта кетейік, Атырау облысында соңғы деректер бойынша, коронавирустық инфекцияның 29 жағдайы анықталды.



sputniknews.kz