Атырау облысының тұрғыны тұншықтырмақ болған итті АҚШ-та тұратын отбасын алғысы келеді — Қазақстан жаңалықтары

0

Атырау облысының тұрғыны тұншықтыруға тырысқан итті американдықтар іздеуде. Бұл туралы ақпарат инстаграмдағы 550gramm.official тобында пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Менің алдыңғы постымда болған керемет ит. Мен бұл иттің қалай және кімнен құтқарылғаны жайлы бейнелер мен фотоларды жарияламаймын. Калифорниядағы бір отбасы бұл итті асырап алуды ұсынды, бірақ оған жаңа отбасына жету үшін ұшақта серік болатын «дос» керек болады», — делінген хабарламада.

Еріп жүретін адам қосымша шығындарға ұшырамайтындығы айтылады, жалғыз талап — итті жаңа иелеріне жеткізуге көмектесу.

«Егер сіз жақын арада АҚШ-қа кететін болсаңыз, жеке электронды поштамызға жазыңыз. Бұл постты достарыңыз бен әріптестеріңізбен бөлісе аласыз ба, сол арқылы біз бұл итті жаңа өмірге жібере аламызә, — делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 31 мамырда әлеуметтік желілерде ер адам ақ итті тоңазытқыштың есігімен тұншықтырып өлтірмекші болған видео пайда болды. Видеоны қылмыскердің досы түсірген. Ит ауырсынып, қыңсылай бастаған кезде, үй иесінің досы: «Мака, кәуәп жасамай-ақ қой, қажеті жоқ», деп азапты тоқтатуды сұрады. Алайда ер адам иттің басын тоңазытқыштың темір есігімен қысып ұстап, оған аяғымен шықты, азаптауды тоқтатқан жоқ. Кейін бұл әрекеті үшін жауапқа тартылған иттің иесі бұл әрекетін түсіндірмекші болды.
 



stan.kz