Атырау облысында бір қап ақбөкен мүйіздерін өткізбекші болған Ресей азаматы ұсталды — Қазақстан жаңалықтары

0

Атырау облысында ақбөкендердің мүйіздерін заңсыз өткізбекші болған Ресей азаматы құрықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Шекарадан 348 дана ақбөкеннің мүйізін алып өтпек болған қазақстандық қолға түсті

Бұл туралы облыстық ПД-нің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

«Құрманғазы ауданы Байда ауылы арқылы Ресейге бет алған «КамАз» көлігінен ақбөкеннің үш мүйізі табылған. Жүргізуші – 57 жастағы РФ азаматы. Оған қатысты Құрманғазы аудандық полиция бөлімшесі ҚР ҚК-нің 339-бабы (Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар өсімдіктерді немесе жануарларды заңсыз пайдалану) бабы бойынша қылмыстық іс қозғады», — делінген ресми ақпартта.

Тергеу шаралары әлі жүргізілуде екен, алдағы уақытта өлтірілген ақбөкендер қай аймақта мекендегені анықталатын болады. 

 

stan.kz