Атырау облысында 3 адамның коронавирусқа шалдыққаны тіркелді — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстандағы коронавирус бойынша 27 наурыз сағат 12:00-дегі жағдай бойынша 124 науқас тіркелді.

коронавирус

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 3 адам Атырау облысында тiркелді.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 60 адам, Алматы қаласында – 48 адам, Қарағанды қаласында – 4, Жамбыл облысында – 3 адам, Атырау облысы – 3 адам, Шымкент қаласында – 2 адам, Алматы облысында – 1 адам, Ақтөбе облысында – 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында — 1 адам, Ақмола облысында — 1 адам.

Қазақстан бойынша жалпы 124 науқас тіркелді.

stan.kz