Атесит қазақ болса да, «пітір садақаны» жібермей төлейді. Ресейдегі қазақтардың ораза ұстау ерекшеліктері қандай? — Қазақстан жаңалықтары

0

Ресейде 700 мыңға жуық қандасымыз тұрады. Олар елден жырақта жүрсе де барлық салт-дәстүрлерімізді, тілімізді, дінімізді ұмытпауға атсалысып жатыр. Жыл сайын қасиетті Рамазан айында ауыз бекітіп, тарауих намазын оқып, бір-бірін ауызашарға шақырады. Ресейдегі қазақтардың ораза ұстау ерекшеліктері, карантин уақытындағы құлшылықтарындағы өзгешеліктер мен Рамазан айына деген қарым-қатынас жөнінде Stan.kz тілшісіне “Астрахан облысы қазақтары” қазақ мәдениетін сақтау және дамыту аймақтық қоғамдық ұйымының жетекшісі, имам Данияр Имашев айтып берді.

2020 жылы Қадір түні мен Ораза айт қай күні болады

Имамның айтуынша, бұған дейін ислам жамағаты ең басты Әл-харам мешіті мен Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с) мешітінің жабылуын бұрын-соңды бастан өткермеген.

«Тек ауызша ғана емес, енді практика жүзінде адамдарды онлайн форматта жұмыс істеуге, сауат ашуға, діни білімді ағартуға бейімделіп жатырмыз. Оның ішінде тікелей эфир, сұрақ-жауап, сұхбат, комментарий форматында діни қағидалар мен рәсімдерге қатысты адамдарды толғандырған сұрақтарға жауап беріп жатырмыз. 

Мешіттердің барлығы жабық болғандықтан, бұрын осындай уақытта кеңес, көмек сұрап келетіндер осы жылы қабылданбайды. Мәселен, пітір садақа жыл сайын мешіттер арқылы ұйымдастырылып, жүзеге асатын. Осы жылы онлайн форматта діни ұйымдардың есепшоттарына ақша аударуға көшуге тура келеді», -дейді ол. 

 

Қазір азан шақыру форматы өзгерген

«Ислам дінінің тарихында, Мұхаммед Пайғамбарымыздың кезеңінен бері азан жаһандық деңгейде «Саллю фи буютикум“ деп шақырылмаған. Яғни қазір әдеттегідей азанды „Хайя аля с-саля, хайя ‘аляль-фаляях“ деп шақыру (мағынасы: коллективті құлшылық етіңдер) үйде отырған діндар адамды жамағатпен бірге намаз оқуға мешітке баруға үндеу болып есептеледі. Сондықтан қазір біз олай айта алмаймыз, демек «Саллю фи буютикум“, яғни «намазды өз үйіңізде оқып, құлшылық етіңіз» деп азан шақырамыз.

Ислам жамағаты бұл нәрсені білсе де, назар аудармай жүрген болса да, практикалық тұрғыда осы діни қағиданы жүзеге асырып келеміз, құлшылық жасауға шақырудың форматын осылайша карантин жағдайына сәйкестендірдік. 

Имамның айтуынша, кез-келген сынақты Алла тағаланың марапаты деп қабылдау керек, карантин де уақытша қиындық. 

 

Ораза кезінде бесбармақ, қуырдақ, жалпы ұлттық тағамдарды жемейміз

Ал тамаққа келгенде, Ресейдегі қазақтар пайғамдарымыздың дәстүрін жалғастыруға тырысатынын: оразаны міндетті түрде құрма мен сумен ашатынын айтады.

«Алдымен, құнарлы тағамдарды жеуге тырысамыз, дегенмен қазақтың ұлттық тағамдарын жиі дайындалмайды. Ораза кезінде бесбармақ, қуырдақ, жалпы ұлттық тағамдарды жемеуге тырысамыз, себебі олар майлы, қуырылған. Көбіне сорпа, ұннан жасалатын тағамдарды жейміз. Әрине, біздің аймақта әртүрлі ұлт өкілдері тұрады, олардағы жағдай, дәстүрлері, ұлттық тағамдары әртүрлі», — дейді имам.

 

Атесит қазақ болса да, «пітір садақаны» жібермей төлейді

«Қайырымдылық шаралары ішінде мұқтаж жандарға азық-түлік апаруды айтуға болады. Осы арқылы қасиетті Рамазан айында адамдардың көңіліне жылулық ұялататыныңды сезінген сондай керемет сезім. 

Мұнда қазақтар арасында қатаң түрде жасалатын діни дәстүр — «пітір садақа» беру. Әр отбасы мүшесінен белгілі бір мөлшерде мұқтаж мұсылмандарға қайырымдылық жасау мақсатында алынады», — дейді ол. 

«Діни сенімнен өте алшақ, совет одағының адамы болсын, атеист, материалист болсын, дінге скептицизммен қараса да, «пітір садақаға» өте үлкен мән береді. Қазақтар арасында мұсылмандық қағидаларды ұстанбайтындар, мұның бәрі халықты алдау деп есептейтіндер бар, осылай ойлай отыра өзін мұсылман деп есептейтіндер де кездеседі. Дегенмен, қанша жерден атеист болса да, «пітір садаққаны» әр отбасына мүшесіне жібермей төлейді.

«Ораза байрам» мейрамын тойламауы мүмкін, біраз «пітір садақаны» міндетті түрде беріп, кімге, қандай көмек керектігі жөнінде ойланып, басы қатады», — дейді имам.

Оның айтуынша, жиналған садақа мұқтаж жанарға табысталады. Адамдар мешітке келіп, дұға оқып кетеді. Мешіт Имам өзінің командасымен осы қаражатқа сатып алынған заттарды мұқтаж жандарға, көпбалалы отбасыларға таратылып беріледі. Карантин уақытында садақаны карта арқылы жинау мәселесі ойластырылып жатыр.

 

Қасиетті Рамазан айында Ресейдегі қазақтар «оянады»

«Қасиетті Рамазан айында Ресейдегі қазақтар «оянады» деуге болады. Тіпті дінге сенбейтін азаматтардың өзі хазірет, имамдардан ораза ұстаудың ерекшеліктері сынды сұрақтарды қойып жатқанын көресің. Ораза ұстамайтын, бірақ күнәлі әрекеттерден саналы түрде бас тартатындар бар: жаман сөздерді айтпауға, ұрсыспауға тырысады, ішімдік ішуді тастайды, зиянды әрекеттерден бас тартып, туыстарына жиі барып тұрады. 

Әрбір қазаққа қасиетті Рамазан айы рухани игілік, мұсылманның өзіне ғана емес туыстарына, жанына өзгерістер әкеледі. Бұл бізге ата-бабаларымыздан берілген: екі-үш буын діни өмір дегеннің не екенін білген жоқ, тек қазір енді негізгі діни бастауымызға айналып келдік», — дейді имам.

 

 Апа-аталарымыз орзасын тұзбен ашқан

Естуім бойынша, апа-аталарымыз орзасын тұзбен ашқан. Қазақтардың көбісі солай айтады, бұл әрине, түсініксіз, бірақ тұз ауызашардағы бірден бір тәсіл болған екен.

Біз қазақтар — мұсылманбыз, сондықтан бұл жерде ресейлік қазақтар ең бірінші өзінің діні мен, ұлты жайында қызығушылық білдіреді. 

Сондай-ақ, бізде ақсақал, қариялар ораза ұстаса, сол адамды ауызашарға шақыру үлкен мәртебе саналады. Ауылдағылар кезек-кезекпен ауыз бекіткен қарияны қонақ қылуға асығады, себебі осы арқылы сол кісінің аузынан шыққан әңгімесін тыңдап, батасы мен дұғасын алуға тырысады.

Жыл сайын ораза ұстайтындардың саны көбейіп келеді. Ораза ұстау, Рамазан айына құрметпен қарау сияқты нәрселерсіз Ресей қазақтарын елестете алмайсың. 

 

Дайындаған: Назерке Мұса

 

stan.kz