атаулы күндер, тарихи оқиғалар, танымал есімдер

0

Бұл Григориан күнтізбесінде 12-ші күн. Жыл соңына дейін 353 күн бар.

12 қаңтарда не болғанын білесіз бе? 

 Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.

12 қаңтарда қандай қызықты оқиғалар болды

Бұл күні Ресейде жыл сайын ресми мереке – Прокуратура қызметкерлері күні аталып өтеді. Аталған мереке РФ президентінің жарлығымен 1995 жылы бекітілген болатын. Бұл жарлық прокуратураның туған күнін өзгертіп жіберді. Ұзақ жылдар бойы оның тарихы 1992 жылдың мамыр айымен байланысты болған еді. 2007 жылы Ресей прокуратурасына 285 жыл толды. Прокуратура мемлекеттік институт ретінде әрдайым айрықша орынға ие болды. Қазіргі таңда прокуратура органдары мемлекетті заңды белден басатын арам пиғылды азаматтардан және, керісінше, қоғамды мемлекеттің әділетсіздігінен қорғауы тиіс. Прокуратура қоғамдағы тәртіп пен заңдылықтың кепілі.  

АҚШ-та – Марципан күні. Марципан – бадам қамырынан пісірілетін тәтті нан. Марципан әртүрлі пішінде дайындалады, мәселен, кейбір елдерде Жаңа жыл кезінде дастарханға жан-жануар формасында жасалған марципан қойылады.  

Сондай-ақ, бүгін Үндістанда Ұлттық жастар күні аталып өтеді. Бұл мерекені үкімет 1984 жылы бекіткен болатын, 1985 жылдан бері жыл сайын мерекеленіп келеді. Дата ретінде үнді философы, қоғам қайратері Свами Вивекананданың туған күні таңдалып алынды. Үндістан үкіметі Вивекананданың адалдыққа, өзіңе сенуге үндейтін көптеген идеясы жастарды жігерлендіріп, оларды дұрыс жолға бағыттайды деп санайды. Сол себепті оның туған күні Ұлттық жастар күні болып жарияланды. 

12 қаңтарда әлемде болған тарихи оқиғалар 

1816 жылы Франция үкіметі Бонапарттың отбасын елден мәңгіге қуу туралы жарлық шығарды; 

1910 жылы Қытайда 9 жасар ұл мен 8 жасар қыз тарихтағы ең жас ата-ана атанды; 

1913 жылы Иосиф Джугашвили алғаш рет Сталин лақап атымен қол қойды; 

1928 жылы АҚШ-та алғаш рет әйел электр орындығында өлім жазасына кесілді. 

12 қаңтарда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар 

1922 жылы Жетісуда алғашқы қазақ педагогикалық училищесі ашылды;

1990 жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы құрылды;

1995 жылы Қазақстан президентінің жарлығымен қазақ ғарышкерлері Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаевқа «Халық Қаһарманы» атағы беріліп, жоғары ерекшелік белгісі – «Алтын Жұлдыз» тапсырылды; 

2001 жылы «Аманат» журналының алғашқы саны жарыққа шықты; 

2002 жылы Алматыда  Дінмұхамед Қонаевтың мұражай үйі ашылды;

2006 жылы Семейдегі «Спартак» орталық стадионында КСРО спорт шебері, белгілі футболшы Серғазы Рымбаевқа мемориалды тақта орнатылды. 

12 қаңтарда әлемде туған танымал тұлғалар 

1876 жылы америкалық жазушы, социалист, қоғам қайраткері, көбіне шытырман оқиғалы әңгімелер мен романдардың авторы ретінде танымал Джек Лондон дүниеге келді; 

1907 жылы кеңестік ғалым, конструктор, КСРО зымыран қаруы мен зымыран-ғарыш техникасы өндірісінің бас ұйымдастырушысы, практикалық космонавтиканың негізін қалаған Сергей Королев өмірге келді; 

1941 жылы кеңес және Беларусь музыканты, эстрада әншісі (лирикалық тенор), гитарашы, сазгер, «Песняры» вокалды-аспаптық ансамблдің көркемдік жетекшісі Владимир Мумявин туды.  

1967 жылы ресейлік театр және кино әртісі, кинорежиссер, сценарийші, тележүргізуші Рената Литвинова дүниеге келді. РФ еңбек сіңірген әртісі (2003).

12 қаңтарда Қазақстанда кімдер туды

1912  жылы мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаев дүниеге келді;

1940 жылы жазушы, академик, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәбит Досанов өмірге келді; 

1949 жылы сенат депутаты Серік Ақылбай туды; 

1950 жылы Қазақстанның халық әртісі Мұрат Ахмадиев дүниеге келді;

1961 жылы мәжіліс депутаты Нұрлан Әбдіров өмірге келді;

1962 жылы қазақстандық кинотанушы және киносыншы, Қазақстан мен Орталық Азия киносы туралы бес кітаптың авторы Гүлнар Әбікеева туды. 

Ай күнтізбесі

Ай Тоқты белгісінде орналасады. Бүгінгі күн табиғат күштерінің оянуымен байланысты. Қайғы-мұңға беріліп, не болмаса қол қусырып отыратын күн емес. Жан-дүниеңіз өзгерісті қаласа, бүгін дәл соның уақыты, әсіресе, күннің алғашқы жартысында. Сондай-ақ, бүгін саяхатқа шығуға кеңес береміз. 


Дереккөз: https://sputniknews.kz/