атаулы күндер, тарихи оқиғалар, танымал есімдер

0

Бұл – Григориан күнтізбесіндегі 1-ші күн. Жыл соңына дейін 364 күн бар.

1 қаңтарда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен әйгілі екенін Sputnik Қазақстан дерекқорынан біліңіз.

1 қаңтарда қандай қызықты оқиғалар болды

Бүгін Григориан күнтізбесі бойынша Жаңа жыл тойланады. Бұл — барша жұрт асыға күткен, ең ерекше, таңғажайып мереке. Оны әлемнің түкпір-түкпірінде атап өтеді, әр халықтың Жаңа жылды қарсы алу дәстүрлері бар. Жаңа жылды тойлау алғаш рет Месопотамияда басталған. Мерекенің пайда болған күні беймәлім, бірақ сонау Юлий Цезарьдің заманынан бері келе жатыр деген пайымдау бар. 

1 қаңтар – Халықаралық мастықтың салдары күні! Бір қызығы, осы бір күлкілі әрі көңілді мейрам Британияда пайда болған. Бастапқыда мастықтың салдарына қарасы препараттар шығаратын Alka-Seltzer компаниясының жарнамалық акциясы ретінде шыққан. Ресей мен басқа да көптеген елде жаңажылдық мереке біртіндеп рождествоға ұласып, мастықтың салдары бір аптаға созылып кетеді. Ал британдықтарға дәрі-дәрмекпен бірге халықтық әдістерді пайдалануға кеңес беріліпті: дастарханда тойып тамақ ішіп, көбінесе майлы тамақ жеу, алақанға лимон шырынын жағу.

Сонымен бірге бүгін – Дүниежүзілік бейбітшілік күні. Мерекенің басқа атауы – Бейбітшілік туралы дүниежүзілік дұғалар күні. Салтанатты шараларға діни көшбасшылар, барлық дінге сенуші адамдар, қайырымдылық ұйымдарының белсенділері, қоғамдық қорлар өкілдері, қақтығысқа қатысушылар, бітімгерлік миссия өкілдері, саяси және қоғам қайраткерлері қатысады. Дүниежүзілік бейбітшілік күнін 1967 жылы 8 желтоқсанда Рим папасы Павел VI бекіткен. 1969 жылы 17 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы оған ресми мәртебе берді. Мерекенің ұраны: «Кешір, сонда бейбітшілікке қол жеткізесің». Оның мақсаты – қоғамды кикілжіңдерді жойып, әскери қақтығысқа жол бермеуге шақыру.

1 қаңтарда әлемде қандай тарихи оқиғалар болды

1858 жылы Ресейде алғашқы пошта маркалары пайда болды;

1943 жылы Солтүстік Кавказ әскери басқыншылық операциясы басталды; 

1944 жылы КСРО-ның мемлекеттік әнұраны алғаш рет радио арқылы ойналды;

1968 жылы «Время» ақпараттық бағдарламасы алғаш рет телеэфирге шықты. 

1 қаңтарда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1904 жылы Орынбор-Ташкент теміржолы бойынша пойыз қозғалысы басталды;

1966 жылы «Шалқар» радиосы хабар таратуды бастады. Бұл радио — тек мемлекеттік тілде ғана хабар тарататын Қазақ радиосының құрылымдық бөлімі. Қазір радио тәулігіне 18 сағат хабар таратады;

1980 жывы Алматы сәулет және құрылыс институты (қазір Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясы деп аталады) құрылды;

2009 жылы Қазақстан ресми түрде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының төрағалар үштігінің құрамына кірді;

2015 жылы Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісім күшіне енді.

1 қаңтарда әлемде дүниеге келген тұлғалар

1892 жылы кеңестік әскери қайраткері, генерал-майор, Кеңес Одағының батыры Иван Панфилов дүниеге келді;

1939 жылы француз актрисасы Мишель Мерсье дүниеге келді;

1950 жылы кеңестік және ресейлік актер әрі әнші Василий Васильев дүниеге келді. «Неуловимые мстители» фильмінде сыған Яшканың рөлімен көпшілікке танымал;

1954 жылы итальян әншісі, итало-диско және евробит стилінде орындаушы Джанни Кораини дүниеге келді. Ken Laszlo деген псевдониммен белгілі, 80 жылдардың ортасында «Hey, Hey Guy», «Tonight» және басқа хит әндерімен танылды.

1 қаңтарда Қазақстанда кім дүниеге келді

1904 жылы бейнелеу өнері шебері, кескіндемеші, суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін қалаушылардың бірі, Қазақ ССР халық суретшісі, Ш. Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлық иегері Әбілхан Қастеев дүниеге келді;

1909 жылы көрнекті әнші, композитор, Қазақстанның халық әртісі, мемлекеттік сыйлық лауреаты Ғарифолла Құрманғалиев дүниеге келді;

1913 жылы кескіндемеші, қазақ кәсіби бейнелеу өнерінің негізін қалаушылардың бірі, Қазақстанның халық суретшісі Әубәкір Ысмайылов дүниеге келді;

1914 жылы актриса, Қазақстан мен КСРО-ның халық әртісі, Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының лаураты Сәбира Майқанова дүниеге келді;

1923 жылы актриса, Қазақстан халық әртісі, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты Бикен Римова дүниеге келді;

1943 жылы мәдениеттанушы, әдебиет зерттеуші, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Мұрат Әуезов дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

24-25-ші ай күні, Ай Сарышаян белгісінде орналасады. Бүгін көптеген істі тындырып үлгеруге болады, бұл қиын әрі бас қатыратын шаруаларға да қатысты. Күніңізді мұқият жоспарларңыз, әйтпесе көп нәрсе ойыңыздағыдай шықпауы мүмкін. Ең дұрысы әр дүниенің өз ағынымен қимылдап, керек кезде ғана ыңғайына қарам шешім қабылдаған абзал.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/