атаулы күндер, танымал есімдер, тарихи оқиғалар

0

Бұл – Григориан күнтізбесінде 173-ші күн, жыл соңына дейін 192 күн бар

22 маусымда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

22 маусымда қандай айтулы оқиға болды

2000 жылдың 22 маусымынан бастап бұл Еске алу және аза тұту күні деп бекітілді. 1941 жылы 22 маусымда Кеңес одағына фашистік Германия әскері басып кірген болатын. Соғыс салдарынан 26,6 миллион адам көз жұмды. 1710 қала қиратылып, 70 мыңнан астам елдімекен жермен-жексен етілді. Көптеген отбасы әлі күнге дейін жақындарының жерленген жері қайда екенін білмейді.

Сондай-ақ, бүгін Латвияда ірімшік күні. Бұл мерекені атап өту үшін барша Латвияның ірімшік өндірушілері бас қосады. Жұртшылық мерекені тамашалап, тәтті ірімшіктен дәм татуға жиналады. Ірімшіктің түр-түрінен ауыз тиіп қана қоймай, сатып алуға да болады. Бұл Латвия тұрғындарының ең сүйікті және асыға күтетін мерекелерінің бірі саналады.

22 маусымда Конгода әскер күні тойланады. Қазіргі таңда бұл континенттің барлық елінде әскер бар деп айтуға болады. Әскер күні бұл елде кәсіби мереке ретінде ресми түрде аталып өтеді.

22 маусымда Финляндияда ту күні аталып өтеді. Ол негізі маусым айының жиырмасы мен жиырма алтысы аралығына келіп түседі. Биыл 22 маусым күні тойланады. 

22 маусымда әлемде болған тарихи оқиғалар

1815 жылы Наполеон Бонапарт Ватерлоодағы жеңілісінен кейін тақтан бас тарту жарлығына қол қойды;

1889 жылы Германия адамның жасына байланысты зейнетке шығуын енгізген Еуропадағы бірінші мемлекет болды;

1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталды.

22 маусымда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1992 жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы темір жол магистралі ашылды. Халықаралық жолаушылар тасымалдайтын «Жібек жолы» поезы Алматыдан Үрімжіге аттанды;

1999 жылы Петропавл қалалық театрының жанында Қарасай және Ағынтай батырлардың ескерткіші ашылды;

2011 жылы Алматыдағы 28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағында мемориалдық тақта ашылып, Ржев қаласында қаза тапқан 100-ші, 101-ші жеке атқыштар бригадасын еске алу мақсатында «Бауырластар зиратынан» әкелінген капсула жерге көмілді.

22 маусымда дүниеге келген танымал тұлғалар

1906 жылы америкалық кинорежиссер, төрт бірдей «Оскар» иегері Билли Уайлдер дүниеге келді;

1947 жылы «Кавказская пленница» фильмінде басты рөлді сомдаған актриса Наталья Варлей дүниеге келді;

1949 жылы америкалық актриса, үш бірдей «Оскар» иегері Мерил Стрип дүниеге келді;

1950 жылы театр және кино актрисасы Светлана Крючкова дүниеге келді.

22 маусымда Қазақстанда кім туды

1948 жылы КСРО және ҚР суретшілер одағының мүшесі, Украина суретшілер одағының және Еуропалық өнер орталығының құрметті мүшесі Амангүл Иханова дүниеге келді;

1948 жылы актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Нина Жмеренецкая дүниеге келді,

Ай күнтізбесі

Ай Суқұйғыш белгісінде болады. Бүгінгі күн сәтсіз болып көрінуі мүмкін. Алайда сіз кез келген мәселенің түйінін тарқата аласыз. Достарыңызға көңіл бөліңіз. Өйткені қазір шынайы дос табу оңай емес екенін естен шығармау керек.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз