атаулы күндер, танымал есімдер, тарихи оқиғалар

0

Бұл – Григориан күнтізбесіндегі 150-ші күн. Жыл соңына дейін 215 күн бар

30 мамырда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің қалай есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.

30 мамырда қандай қызықты оқиға болды

Бүгін – феминизм күні. XVIII ғасырдан бастап әйелдер өз құқығы үшін күресе бастады. Ал өткен ғасырдың 60 жылдары олар әртүрлі салада тең құқыққа ие болды.

30 мамыр – Дүниежүзілік астма мен аллергияға қарсы күрес күні.

Сондай-ақ, бүгін – Дүниежүзілік бытыраңқы склерозға қарсы күрес күні. Ол жыл сайын мамырдың соңғы сәрсенбісінде аталып өтеді. Алғаш рет бұл күн 2009 жылы мерекеленді. Ол халықаралық бытыраңқы склероз федерациясының бастамасымен бекітілді.

Сонымен қатар, 30 мамырда Перу халқы картоп күнін атап өтеді. Картопты олар «барлық көкөністің әкесі» деп сүйсіне жейді.

Бүгін – әулие Жанна д’Арк күні. Жанна д’Арк – Францияның ұлттық батыры. Ол жүзжылдық соғыстағы француз әскерінің бас қолбасшыларының бірі болған. Жанна тұтқынға түсіп, ағылшындардың қолынан қаза тапты. Бірақ уақыт өте оның аты аңызға айнылып, Жанна д’Арктың ерлігі ел арасында таралды. 1920 жылы Рим папасы XV Бенедикт бұйрығымен Жанна д’Арктың есімі әулиелер қатарына енді.

30 мамырда әлемде болған тарихи оқиғалар

1900 жылы Парижде өткен халықаралық көрмеде дат инженері Вальдемар Поульсен өзінің жаңа туындысы – телеграфонды таныстырды. Бұл дыбыс жазуға арналған магниттік лента болатын;

1917 жылы АҚШ-тың қарулы теңіз күштері В-1 дирижаблін алғаш рет сынақтан сәтті өткізді;

1971 жылы бірінші жасанды «Маринер-9» америкалық спутнигі Марсқа ұшты;

1992 жылы Киев қаласында музыкалық «Грин Грей» тобы құрылды.

30 мамырда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1595 жылы Тәуекел хан Мәскеуден келген орыс елшісі Вельямин Степановты қабылдады;

1953 жылы Қазақ академиялық опера және балет театрында «Дудар-ай» операсы алғаш рет қойылды;

1997 жылы Алматыда Әлібек Дінішев театры ашылды;

2007 жылы Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы тәуелсіздік саябағында сталиндік зобалаңнан зардап шеккен және құрбан болған адамдарға арналған ескерткіш тақта ашылды;

2009 жылы «Қазақстандық қамту» ақпараттық интернет-порталы іске қосылды;

2009 жылы Алматыдағы республика алаңында қымыздың 6000 жылдық тарихына арналған «Қымызмұрындық» фестивалі ұйымдастырылды;

2011 жылы «Қазақстан» концерт залында Қазақстанның танымал режиссері Сламбек Тәукелдің «Жерұйық» атты көркем фильмінің премьерасы өтті;

2013 жылы белгілі ақын және қолөнер шебері Дәмелі Құсайынқызының есімі халықаралық «Белгілі адамдар» энциклопедиясына енді;

2014 жылы Бейжіңде білім алып жүрген қазақстандық студенттердің ІІІ құрылтайы өтті;

2014 жылы Қарағанды қаласында ҚарЛАГ-тың тарихына арналған «Қара орамал» («Черный платок») поэмасының тұсаукесері өтті.

30 мамырда әлемде дүниеге келген тұлғалар

1846 жылы ресейлік танымал зергер Карл Фаберже дүниеге келді;

1907 жылы әлемге танымал француз топографы Жермен Тильон дүниеге келді;

1912 жылы кеңес ақыны Лев Ошанин дүниеге келді. Ол — «Пока я дышать умею», «Эх, дороги» сынды танымал әндердің авторы;

1934 жылы КСРО ғарышкері Алексей Леонов дүниеге келді. Ол ғарышқа бірінші болып ұшқан ғарышкер болып саналады.

1937 жылы кеңес және ресейлік әртіс Александр Демьяненко дүниеге келді;

1980 жылы ұлыбританиялық танымал спортшы Стивен Джеррард дүниеге келді. Ол Англияның танымал «Ливерпуль» футбол клубында өнер көрсеткен.

30 мамырда Қазақстанда кім туды

1908 жылы композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан ғылым академиясының корреспондент мүшесі, музыкатанушы Борис Ерзакович дүниеге келді;

1946 жылы Қазақ ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі Таңатқан Абақанов дүниеге келді;

1948 жылы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының сарапшысы, Қазақстан парламенті мәжілісі IV шақырылымының депутаты Валерий Котович дүниеге келді;

1951 жылы Қазақстанның білім беру ісінің үздігі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Асқарбек Құсайынов дүниеге келді;

1979 жылы Қазақстанның ең жас дирижерлерінің бірі әрі скрипкашы Алан Бөрібаев дүниеге келді;

1985 жылы Қазақстанның ұлттық экономика вице-министрі Дана Жүнісова дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Тоқты белісінде орналасады. Бүгін ішкі жан дүниеңіздің тұрақтылығына баса мән беріңіз. Ашуға ерік беру жақсылыққа апармайтынын түсініңіз. Сондықтан бұл күні әрбір қадамыңызды ойланып басыңыз.



sputniknews.kz