Атаулы әлеуметтік көмек тоқтатылатыны рас па – министрлік жауап берді

0

7 маусымдағы мәлімет бойынша, республикада атаулы әлеуметтік көмекпен 273 мың отбасы қамтылған

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі атаулы әлеуметтік көмекті төлеу жуырда тоқтатылады деген қауесетті жоққа шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде атаулы әлеуметтік көмек жақын арада тоқтатылады деген ақпарат тараған. Министрлік мұның жалған екенін хабарлады.

«Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл ақпаратты ресми түрде жоққа шығарады. Аталған жәрдемақы түрі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» заңмен бекітілген және оны жою қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізуді талап етеді. Қазіргі таңда бұл мәселе қарастырылмайды», – делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің ақпаратынша, ведомство басқа мемлекеттік органдармен және барлық деңгейдегі әкімдікпен бірлесіп, тұрмысы төмен және балалы отбасыларды жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекпен қамтудың барлық ұйымдастырушылық, рәсімдік, нормативтік және қаржылық мәселесін шешті.

7 маусымдағы жағдай бойынша республикада атаулы әлеуметтік көмекпен 273 мың отбасы қамтылған.

sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз