«Ата-анасының жағдайы өте ауыр»: Полицей құшақтаған сәбидің жағдайы белгілі болды — Қазақстан жаңалықтары

0

Денсаулық сақтау министрінің орынбасры Қамалжан Надыров ұшақ апаты болған жерден полиция көтеріп шығарған баланың жағдайымен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алматы маңындағы ұшақ апаты жайлы соңғы жаңалықтарды мына жерден көріңіз


«Қазір ғана балалар ауруханасындағы науқастардың жағдайымен танысып қайттық. Олардың ішінде 9 айлық бала да бар. Оның жағдай тұрақты, жанында жақындары мен туыстары бар», — деді Надыров. 

Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Тілеухан Әбілдаев ұшақта баламен бірге оның ата-анасы мен бауырлары болғандығын жеткізді. 

«Полицей қолына ұстап шыққан сәби сол болуы керек. Олар төрт ағайындыекен. Барлығы да балалар ауруханасына орналастырылды. Олардың ата-анасының жағдайы өте ауыр, №4 ауруханада жатыр», — деп мәлімдеді Әбілдаев. 

Балалар омбудсмені Аружан Саиннің сөзінше, құлаған әуе бортында болған алты бала жан сақтау бөлімінен шықпапты, тағы үшеуі балаларға жедел медициналық көмек көрсету орталығныда екен.  

«Үш баланың аяғы сынған, бір қыздың екі аяғыда сынып кетіпті. Олардың барлығына ота жасалды. Жеткіншектердің бәрі рентгеннен, узиден, бас сүйегінің тамографиясынан өтті. Екі бала әлі есін жиған жоқ. Олар жансақтау бөлімінен шықпады. Балалардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ», — деп жазды балалар омбудсмені өзінің Facebook парақшасында. 

Естеріңізге салайық, бұған дейін әлеуметтік желілерде құтқарушының баланы орап әкеле жатқаны видеоға түсіп қалған еді. 

Кейіннен полицей Tengrinews.kz тілшісіне cәбиді ұшақ апатынан зардап шеккен ананың құшағынан алып шыққанын айтты. 

«Ұшақтың ішінде аяқтары сынған әйел жатты. Оның жылаған даусы естілмеді: әйел есеңгіреп қалыпты. Оның кеудесінде жатқан баланы сол қолымен ұстап отыр екен, оң қолына зақым келген. Мен оған баланы алып жедел жәрдем қызметкерлеріне алып барып беремін деп, қазақша айттым. Ол көзімен мақұлдаған белгі берді, бірақ артынша жылап жіберді», — деді полицей Жақсылық Сұлтанов. 

stan.kz