Астаналық комедия театры премьераға шақырады

0

2018 жылғы 9 желтоқсан 20:38 94

Театр 180°: Астаналық комедия театры премьераға шақырады


АСТАНА. ҚазАқпарат — Елордада комедия театрының ашылуына орай жаңа қойылымның премьерасы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

10 және 25 желтоқсан күні сағат 19.00-де NOMAD CITY HALL концерт залында Астана қалалық комедия театрының ашылуына орай «Театр 180ᵒ» комедиясының премьерасы өтеді.

Астана жаңа комедия театрының бас режиссері — ҚР еңбек сіңірген қайраткері Сайлау Қамиев. Көркемдік жетекшісі — ҚР еңбек сіңірген қайраткері Тұрсынбек Қабатов.

«Театр 180°» туындысының авторы — британ драматургы Майкл Фрейн. Қазақ тіліне аударған — Әсел Асқарқызы. Қоюшы режиссері — Сайлау Қамиев.        

Театр 180°: Астаналық комедия театры премьераға шақырады 

«Шекспир кезеңінен келе жатқан «театр ішіндегі театр» әдісін қолданған Майкл Фрейннің  кейіпкерлер мен актерлердің тағдыры байланысқан туындысы көрерменге сахна сыртындағы тылсым әлемге енуге мүмкіндік береді. Тығырықтан жол табу кезінде шынайы өмір мен сахна өмірін айыра алмай, комедиялық жағдайларға тап болған актерлердің әрекеттері шынайы күлкі туғызады. «Театр 180º» комедиясында труппадағы актерлердің шым-шытырыққа толы қарым-қатынасы көрініс табады. Әрбір кейіпкер үшін шынайы және сахналық өмір бір арнаға тоғысып, спектакльдің әрекетін комедиялық абсурд пен сатиралық гротескке жеткізеді» делінген хабарламада.

Театр 180°: Астаналық комедия театры премьераға шақырады

Толық ақпаратты мына телефон арқылы біле аласыздар: 8702-191-98-98. Билеттерді қала кассаларынан және www.topticket.kz сайтынан сатып алуға болады. 

Театр 180°: Астаналық комедия театры премьераға шақырады