Астаналық ару тұрмысы нашар 100 отбасыны сыйлық беріп қуантты

0
Қоғам

Қысқа сілтеме алу

30 0 0

Сыйлықтарға ақшаны әлеуметтік желі арқылы жинаған

АСТАНА, 21 желтоқсан — Sputnik. Жүзден астам бала астаналық арудың қолынан түрлі сыйлық пен тәтті алды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Астана қаласының тұрғыны Әлия Қуандықова мен оның Аяз ата және Ақшақар болып киінген достары тұрмысы нашар отбасылардың балаларына жаңажылдық сыйлықтар табыс етті.

«Көмекке мұқтаж отбасылардың тізімін әкімдіктен алдым. Facebook желісіндегі достарым мен таныстарым сыйлықтар алу үшін қаражат жинауға көмектесті. Аяз ата екеуіміз сценарий әзірлеп, сыйлық сатып алу мәселесін реттедік. Сондай-ақ, достарым маған қол ұшын созып, костюмдер киіп, бізбен бірге тәттілер таратты. Жаңа жыл — таңғажайыптар орындалатын уақыт. Осындай сыйлықтарды көп ала бермейтін балаларға көбірек көңіл бөлгім келеді. Енді біз ет сатып алып, оларды осы отбасыларға таратқымыз келеді», — дейді науқанды ұйымдастырушы Әлия Қуандықова.

Сыйлықтар тәтті кәмпиттерден басталып, ішінде шана мен қуыршақ, көлік сынды ойыншықтар бар.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/