Астанадағы «Аттракцион Плэйхаус» тәуелсіз театры

0

2010 жылы Еуразия ұлттық университетінің жанынан «Аттракцион» театры ашылды. Кейін өнер ұжымы өз атауын «Аттракцион Плэйхаус» деп өзгертті

Театр репертуары

Тоғыз жыл ішінде елордалық көрермен танымал бродвейлік қойылымдар қатарындағы «Чикаго», «Блондинка в законе», «Мамма Мия», «Продюсеры» мюзиклдері мен «Август. Округ Осейдж», «Ваня и Соня, и Маша, и Спайк», «Папа в паутине» және т.б. қойылымдарды тамашалады. Олардың біразы Еуразия ұлттық университетінде сахналанды.


©
Foto : театр архивінен

«Аттракцион Плэйхаус» театры

Қазіргі таңда театр репертуарына Трейси Леттстің Пулитцер сыйлығына ие болған «Август. Округ Осэйдж» қойылымы қайта оралды. 2019 жылы әртістер жаңа алаңда — «Мотылек» арт-орталығында өнер көрсетуде (Астана, Қалдаяқов көшесі, 11).

Театр актерлері Еуразия ұлттық университетінде, «Қазақстан» киноконцерт залында, Ермашов әуесқой театрында (Алматы) да өнер көрсетіп үлгерді.


©
Foto : театр архивінен

«Аттракцион Плэйхаус» театры

Театр труппасы

Театр режиссері — Ілияс Данияров. Ол 1990 жылы Павлодарда туған. Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің түлегі. 2017-2018 жылдары инклюзивті қойылымдар сахналауға мән берді. Режиссер өз спектакльдеріне №65 мектеп оқушыларын қатыстырды.


©
Foto : театр архивінен

«Аттракцион Плэйхаус» театры

«Аттракцион Плэйхаустың» ұжымы кәсіби актерлер емес. Татьяна Липина, Баят Түртбаев, Алмас Есмырза, Айдана Кәрібжанова, Ілияс Данияров, Назым Тұрғанбек, Зарина Байтүгелова, Айгюзел Қадыр, Динара Нәбиева, Расул Шарафеддинов, Анна Кудина, Азат Әлімбаев сынды елдің театр өнерін дамытуға атсалысып жүрген жандар.



sputniknews.kz