Астанада жаңажылдық мерекеде қорқынышты клоун балаларды шошытты

0
Астанада жаңажылдық мерекеде қорқынышты клоун балаларды шошытты


Астанада өткен шыршада Пеннивайз клоуны балалардың ғана емес, үлкендердің де зәре-құтын қашырған.

Балалар шыршасында түсірілген видеоны Facebook желісіндегі парақшасында Bibinur Moonart есімді қолданушы жариялады. Әлеуметтік желідегі жазбаларға қарағанда, ертегі секілді мерекеде бұл қорқынышты персонаж болады деп ешкім ойламаған. Шыршаға келген балалар клоуннан кәдімгідей қорқып қалған. 

Мереке ұйымдастырушыларының бұл таңдауын Facebook қолданушылары сөгіп тастады. Олар бұл қорқынышты клоунның балалардың мейрамында не істеп жүргенін түсінбей дал. 

«Естері дұрыс па? Шыршаға бұл персонажды шақыруға бола ма екен? Балалардың бірі қатты қорқып, жылап жіберсе ше?», — деп жазды Ai Nur деген қолданушы. 

Әзірге ұйымдастырушылар жаңажылдық ертегіде қорқынышты клоунның не істеп жүргенін түсіндірген жоқ. 

Дереккөз: sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз