Астанада жаңа Қазақ драма театры қайда салынады

0

Меншік иелеріне және жер пайдаланушылары хабарлама алған сәттен бастап бір ай ішінде әкімдікке тиісті өтініш беру жолымен келісім рәсімдеріне бастама жасауға құқылы.

Астанада 2019 жылдың 18 маусымынан 2020 жылдың 18 маусымына дейін мемлекет мұқтажы үшін 47 жер телімін алу жоспарланған, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Бұл жерлерде Қазақ драма театрының жаңа ғимараты салынады.

Жер учаскелері қаланың Алматы ауданындағы № 23-15 көше (жобалық атауы), А.Байтұрсынұлы және Ж.Нәжімеденов көшелерінің арасында орналасқан.

«Учаскелер «Объектілерді салу бойынша компаниясы» корпоративтік қорға қоса беріліп отырған сызбаға және қосымшаға сәйкес зерттеу, іздестіру және Қазақ драма театрын жобалау жұмыстарын жүргізу үшін берілген», — делінген Астана әкімдігінің 2019 жылдың 13 наурызындағы 510-382 қаулысында.

Учаскелер Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 84-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына сәйкес, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 63-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 тамыздағы № 1064 қаулысымен бекітілген Астана қаласының бас жоспарын іске асыру мақсатында иеліктен шығарылатын болады.

Меншік иелеріне және жер пайдаланушыларға мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелері және басқа жылжымайтын мүлік алдағы уақытта иеліктен шығарылатындығы туралы жазбаша хабарлама жолданады. Хабарлама алған сәттен бастап бір ай ішінде әкімдікке тиісті өтініш беру жолымен келісім рәсімдеріне бастама жасауға құқылы.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

[ad_2]

Zakon.kz