Астанада үсік шалған екі бала ауруханаға түсті

0
Қоғам

Қысқа сілтеме алу

205 0 0

Жалпы жеті адамға медициналық көмек көрсетілген

АСТАНА, 25 желтоқсан — Sputnik. Астанада колледждің екі студенті қалалық балалар ауруханасына жеткізілді. Жасөспірімдерді ІІ және ІІІ дәрежелі үсік шалған, деп хабарлайды Елорда Инфо. 

«Астанада аязға байланысты 7 адам медициналық көмекке жүгінді. Оның ішінде ІІ және ІІІ дәрежелі үсік шалған екі жасөспірім (колледж студенттері) №2 қалалық балалар ауруханасына жатқызылды. Жасөспірімдердің жағдайы орташа дәрежеде», — деп хабарлады Астана қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Дәрігерлер жеті адамның барлығына толық көлемде медициналық көмек көрсеткен. Бес адам тұрғылықты жері бойынша амбулаторлық емделуге жіберілді.

Үсік шалып, қайтыс болғандар жоқ.

Айта кетсек, кеше 24 желтоқсанда Астанада ауа температурасы минус 31 градусты көрсетті.

Астана қаласының Білім басқармасы ауа райының қолайсыздығына байланысты 25 желтоқсанда бірінші және екінші ауысымдағы 0-11 (12) сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері үшін сабақ болмайтынын хабарлады.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз