Астанада қолайсыз ауа райына байланысты 11 автобус өз жұмысын уақытша тоқтатты — новости Казахстана

0

Астанада қолайсыз ауа райына байланысты 11 автобус өз жұмысын уақытша тоқтатқан. Бұл жайында Астана LRT Facebook парақшасында мәлім етті деп жазады NUR.KZ.

Көрнекі сурет. Фото:mehtiev-nv.satu.kz

Көрнекі сурет. Фото:mehtiev-nv.satu.kz

Компания тұрғындарға 300, 301, 302, 305, 308, 309, 312, 313, 315, 316, 318 автобустарының өз жұмысын уақытша тоқтатқанын мәлім етті.

Бұл шешім кейбір трассалардың жабылуына, қолайсыз ауа райына байланысты қабылданған.

Айта кетейік, күні кеше «Астана-Қарағанды», «Астана-Қабанбай батыр», «Астана-Қорғалжың» тас жолдары жабылған болатын.