Астанада көлік полицейлері арасында қазақ күресінен жарыс өтті

0

2018 жылғы 22 желтоқсан 17:22 335

Астанада көлік полицейлері арасында қазақ күресінен жарыс өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат — Бүгін Астанада ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаменті бастығының кубогы үшін қазақ күресі бойынша турнир ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кезекті жарысқа 8 команда жиналды, олардың қатарында Астана гарнизоны күш құрылымдарының ең мықты палуандары бар. Ұйымдастырушылардың айтуынша, командалар құрамына жедел қызметтерден, тергеу, анықтау және ішкі істер органдарының басқа да бөлімшелерінен спортшылар қатысты.

Жарыс командалық олимпиада жүйесі бойынша 60 кг-нан 85 кг-ға дейінгі, 90 кг-нан 100+ кг-ға дейінгі салмақ дәрежесінде өтті. Қатысушылар ең үздік палуан атағы үшін табанды әрі қажырлы күресте бар күшін салды.

«Өздеріңіз білетіндей, бұл жарыс бірінші рет өтіп отырған жоқ, шара департаменттің жыл сайын өткізітен дәстүріне айналды», -дейді Көліктегі ПД бастығы, полиция полковнигі Аманжол Қабылов.

Хабарламада айтылғандай, Көлік полициясы қызметкерлері арасында халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, күш құрылымдары арасындағы әлем чемпиондары, «Қазақ күресi», самбо және дзюдодан бірнеше мәрте чемпиондар қызмет етеді.

Астанада көлік полицейлері арасында қазақ күресінен жарыс өтті

Мәселен, Талғат Қожабаев — халықаралық дәрежедегі спорт шебері, күштік құрылымдар арасында 3 дүркін әлем чемпионы, қазақ күресі, самбодан және дзюдодан бірнеше мәрте чемпион.  2017 жылы ол АҚШ-та 67 мемлекеттің полицейлері арасында өткен Бүкіләлемдік ойындардың жүлдегері атанды.

Астанада көлік полицейлері арасында қазақ күресінен жарыс өтті

Жігер Сәкенұлы -Самбодан үш дүркін әлем чемпионы. Дзюдо, самбо, қазақ күресінен спорт шебері.

Жігерлі және табанды күрестің қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды. ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаменті бастығының кубогын  Көліктегі ПД командасы иеленді.

Екінші орында — Астана қаласы полиция департаменті командасы, жеңімпаздар үштігін ҚР ІІМ Ұлттық ұлан командасы қорытындылады.

Спорттық шараның салтанатты ашылуына Департамент басшылығы мен жеке құрамы қатысты. Құрметті қонақтар қатарында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Тарас Хитуов, «Қазақ күресі» бойынша ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, «Қазақстан барысы» және «Еуразия барысының» үш дүркін жеңімпазы Бейбіт Ыстыбаев, «Қазақ күресі» бойынша ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, «Қазақстан барысы» турнирінің жеңімпазы, «Әлем барысының» екі дүркін жеңімпазы және төрт дүркін әлем чемпионы Айбек Нұғұмаров болды.  

Астанада көлік полицейлері арасында қазақ күресінен жарыс өтті 
Астанада көлік полицейлері арасында қазақ күресінен жарыс өтті 
Астанада көлік полицейлері арасында қазақ күресінен жарыс өтті 
Астанада көлік полицейлері арасында қазақ күресінен жарыс өтті 
Астанада көлік полицейлері арасында қазақ күресінен жарыс өтті 
Астанада көлік полицейлері арасында қазақ күресінен жарыс өтті 
Астанада көлік полицейлері арасында қазақ күресінен жарыс өтті 
Астанада көлік полицейлері арасында қазақ күресінен жарыс өтті 

 

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz