Астана мен Алматыда бірқатар рейс ұшпай қалды

0

2018 жылғы 21 желтоқсан 11:43 222

Астана мен Алматыда бірқатар рейс ұшпай қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Астана мен Алматы қалаларының әуежайларында бірқатар рейс кейінге шегерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта Алматы әуежайында 4 рейс кешіктірілуде.

Атап айтқанда, 2018 жылдың 20 желтоқсанында сағат 10:35-ке жоспарланған Алматы – Куала-Лумпур бағытындағы KS 935 рейсі әуе кемесінің кешігіп келуіне байланысты 2018 жылдың 21 желтоқсаны сағат 14:30-ға ауыстырылды;

– 21 желтоқсан сағат 09:30-ға жоспарланған Алматы – Өскемен бағыты бойынша DV 725 рейсі әуе кемесінің кешігіп келуіне байланысты 21 желтоқсан сағат 11:35-ке ауыстырылды;

– 21 желтоқсан сағат 10:30-ға жоспарланған Алматы-Семей бағытындағы IQ 363 рейсі экипаждың толық болмауына байланысты 21 желтоқсан сағат 15:40-қа ауыстырылды;

– 21 желтоқсан сағат 16:55-ке жоспарланған Алматы-Астана бағытындағы IQ-355 рейсі экипаждың демалуына байланысты 21 желтоқсан 17:40-қа шегерілді.

Қазіргі уақытта Астана әуежайында 6 рейс кешіктірілуде:

– 2018 жылдың 20 желтоқсанында сағат 20:20-ға жоспарланған Астана – Бангкок бағыты бойынша КС 231 рейсі метеорологиялық жағдайларға байланысты 21 желтоқсан сағат 11:30-ға ауыстырылды;

– Астана – Алматы бағыты бойынша 20 желтоқсанда сағат 20: 30-да жоспарланған КС 996 рейсі ауа райына байланысты 21 желтоқсан сағат 12:00-ге ауыстырылды;

– Астана – Алматы бағыты бойынша 20 желтоқсанда сағат 21:30-ға жоспарланған КС 992 рейсі ауа райының қолайсыздығына байланысты 21 желтоқсан сағат 09:35-ке ауыстырылды;

– 21 желтоқсанда сағат 07:00-де жоспарланған Астана – Өскемен бағытындағы DV 785 рейсі әуе кемесінің кеш келуіне байланысты 21 желтоқсан сағат 10:10-ға ауыстырылды;

– 21 желтоқсан сағат 08:00-ге жоспарланған Астана – Атырау бағыты бойынша KS 981 рейсі ауа райы жағдайы және техникалық себептер бойынша 21 желтоқсан сағат 09:00-ге ауыстырылды;

– Астана – Алматы бағыты бойынша 21 желтоқсанда сағат 09:00-ге жоспарланған KS 952 рейсі әуе кемесінің кеш келуіне байланысты 21 желтоқсан сағат 10:35-ке ауыстырылды.

Ведомствода аталып өткендей, болжам бойынша елдегі күрделі ауа райы жағдайы әлі де сақталады. Осыған байланысты, жолаушыларға әуе компанияларының ресми сайттары және байланыс орталығы арқылы рейстердің жай-күйін алдын-ала біліп алуға кеңес беріледі. «Эйр Астана» әуекомпаниясының қоңырау шалу орталықтары: Алматы қ.: +7 7272 444477, Астана қ.: +7 7172 584477, ұялы тел.: +7 702 702 4477. «SCAT» әуекомпаниясының Call-орталығы +7 7252 998880.

 

 

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз