Астана маңына қатынайтын бағдарлар ашылды

0

Астана, BAQ.KZ. Қала маңындағы елдімекендерге қатынайтын бағдардың қозғалысы 24 қарашада ауа райының күрт бұзылуына байланысты уақытша тоқтатылған болатын. Бұл туралы «Астана LRT» ЖШС хабарлады.

«25 қарашада сағат 09:00-де қала маңындағы елдімекендерге баратын №300, 301, 302, 305, 308, 309, 310, 311, 312, 313, 315, 316, 318 бағдарлардың қозғалысы қайта жанданды», – делінген «Астана LRT» ЖШС-нің хабарламасында.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, ауа райының қолайсыздығына байланысты кеше сағат 19:30-да қала маңындағы елдімекендерге қатынайтын бағдарлардың қозғалысы уақытша тоқтатылған болатын.














Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:


Дереккөз: BAQ.KZ

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз