«Астана» ФК мен «Arda Football» меморандумға қол қойды

0
26 Қараша 2018, 11:59 106 0

Астана, BAQ.KZ. «Астана» футбол клубы мен «Arda Football» мектебі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

«Arda Football» – жаттығу жұмыстарын толықтай ағылшын тілінде өткізетін балалар футбол мектебі.

«Астана» ФК атқарушы директоры Қайсар Бекеновтің айтуынша, клуб негізгі құрам ойыншыларынан бөлек, соңғы жылдары қаладағы балалар футболына ерекше мән беріп келе жатыр. Бұл өз кезегінде жемісін беріп, балалар Қазақстан Республикасы біріншілігінде жас ерекшеліктері бойынша жүлделі орындарға ие бола бастаған.

«Осы жылы 2001 және 2006 жылы туған жасөспірімдер командалары ел чемпионы атанды. Жеке мектептермен, соның ішінде «Arda Football» мектебімен меморандумға қол қою біздің футбол орталығындағы бәсекелестікті арттырып, командаға үміткерлерді үздіксіз іріктеуге мүмкіндік береді. Ал бәсекелестік дегеніміз – спорттың ең басты табыс кілті», – деді ол.

«Arda Football» жобасының PR директоры Назым Жанғазинова бұл шара спорт мектебі үшін ең маңызды оқиға екенін айтады.

«Біз Қазақстанның ең үздік футбол клубы «Астанамен» ынтымақтастық меморандумына қол қойдық. Меморандум аясында біздің футбол мектебінің үздік футболшылары «Астана» футбол орталығына іріктелетін болады. Бұл біздің кішкентай футболшыларымыз үшін үлкен мотивация болмақ. «Астананың» өз алаңында өткізетін ойынына барар алдында біздің балалар ерекше құлшыныспен жаттығып, айрықша көңіл көтереді. Біз жаттығу барысында балаларға арнайы күнделік беріп, өздерінің үлгі алатын футболшылары туралы жазуларын сұраймыз. Сол кезде жас жеткіншектердің 70 %-ы «Астананы» таңдайды. Елорда командасы қазіргі таңдағы жас ұрпақ үлгі ететін мінсіз футбол үлгісін көрсетуде», – дейді Н.Жанғазинова.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз