Астана билігі тұрғындарды сабыр сақтауға шақырды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Бейсенбі күні таңғы сағат он шамасында астанада дабыл қағылады. Қала билігі жұртты бұған дайын болуға шақырды

НҰР-СҰЛТАН, 14 қараша — Sputnik. Елорда тұрғындарына хабарландыру жүйесінің тексерілуіне байланысты дабыл қағылатыны туралы ескертілді.

«14 қараша күні 9 сағат 55 минут шамасында хабарландыру жүйесі тексеріледі. Электр сигналдар іске қосылатынын ескертеміз. Мамандар теле және радио тарату арналарынан автоматты түрде хабар беріп, жүйенің жұмысын тексермек. Сабыр сақтап, дүрбелеңге салынбауға шақырамыз!» – деп жазылған iKOMEK 109 бірыңғай байланыс орталығының хабарламасында.

Бұған дейін мұндай шара 7 қараша күні Алматыда өткізілген болатын.

Хабарландыру жүйесі тексерілген кезде не істеу керек

Егер сигнал болған уақытта үйде болсаңыз, радионы, телевизиялық хабар тарату қондырғысын қосыңыз. Ал сигнал даладан болса, шұғыл ақпаратты мұқият тыңдаңыз. Екі жағдайда да нұсқау бойынша әрекет етіңіз.



sputniknews.kz