әскери қызметке шақырылғандарға қанша ақша төлейді 

0

Арнайы жиындар кезінде әскери қызметке міндетті азаматтардың жұмыс орны және атқарған лауазымы сақталады. Оларға мемлекеттің есебінен жұмыста алған орташа жалақысы төленеді

НҰР-СҰЛТАН, 3 сәуір – Sputnik. Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев арнайы жиындарға шақырылған азаматтардың еңбекақысы туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Арнайы жиындар кезінде әскери қызметке міндетті азаматтардың жұмыс орны және атқарған лауазымы сақталады. Оларға мемлекеттің есебінен жұмыста алған орташа жалақысы төленеді, ал жұмыссыздар жалақының төменгі көрсеткіші беріледі. Мәселен, әскерге шақырылғанға дейін жалақының көлемі 200 000 мың теңге алса, арнайы жиындарда өткізген әрбір айы үшін тура сондай ақша төленеді. Егер адам жұмыс істемесе, онда жалақының төменгі мөлшері – 42 500 теңгені алады», — деді Ермекбаев бүгінгі онлайн брифингте.



sputniknews.kz