Асхат Аймағамбетов: Мұғалімдер енді екі-ақ қағаз толтырады

0

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2019 жылдың 13 маусымында Білім және ғылым министрі боп Асхат Аймағамбетов тағайындалған болатын. Бір жыл ішінде білім министрі Аймағамбетов өзін білікті маман ретінде таныта білген игі бес ісін Newsroom+Ақпарат агенттігі ұсынады.

  1. Мемлекет басшысы 2019 жылдың 31 желтоқсанында «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасына қол қойды. 2020 жылдан бастап Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов заң жобасына кірісу кезеңі басталатынын мәлімдеген еді. 21 баптан тұратын заң ұстаз мәртебесін одан әрі көтеруге септігін тигізуде. Заң аясының негізгі  бағыттары:

Мұғалім өзіне тиісті емес жұмыстардан босатылады;

Қызметіне қойылатын талаптар күшейтіледі;

Материалдық ынталандыру – жалақылары өседі.

2. Министрдің бастамасымен, енді еліміздің барлық өңіріндегі мұғалімдер артық-ауыс қағаз бен құжат толтырмайды. Өзге құжаттарды толтыруға талап еткен басшылықты әкімшілік жауапқа тартуға болатынын мәлімдеген еді.Енді мұғалімдер екі-ақ қағаз толтырады. Сынып журналы мен сабақ жоспары. Қалған құжат мұғалімге қатысты емес.

3.Биыл Ұлттық Бірыңғай Тестілеудің өту форматы өзгешеленген болатын. Сыбайлас жемқорлыққа жол берілмей, әділ шешім қабылдау жүйесі жүзеге асты. Талапкерлерке қойылған талап қиын болғаны рас. Алайда еліміздің білім саласындағы әділдіктің бой көтергені көңіл қуантады.

4.Биыл мемлекеттік гранттар алдыңғы жылға қарағанда көбірек бөлінді. Соның ішінде, ең көбі инженер кадрларын даярлау мен педагогика саласына бөлінген. Мұғалімнің мәртебесі артқаннан кейін педагогика саласына түсушілер саны да ұлғайып келеді.

5. 2015 жылға дейін мектеп табылдырығын аттаған барлық бүлдіршіндер әріпті «Әліппеден» таныған еді. Бұрынғы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев 2015 жылдан бастап «Әліппе» оқулығын «Сауат ашуға» өзгерткен еді. Бұл шешім бастан-ақ дұрыс қабылданбаған секілді. Өйткені, ата-аналар тарапынан оқулықтың түсініксіз екенін, қате жазбаларға толы екенін айтып шағымданған болатын. Ол олқылықты Асхат Аймағамбетов орнына келтірді.

Кеше ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Цифрлық даму мен Білім министрлігінің шенеуніктеріне қатысты қылмыстық-іс қозғалғандығын мәлімдеген еді. Алайда көпшілік Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өзіне тиеслі жұмысты нақты атқарып жатқандығын айтып, елге тигізген игі істерін ескеруін сұрады.