Аша Матайдың ағасы Баян Алагөзованың тәлімгеріне үйленбек – Қазақстан жаңалықтары

0

Аша Матайдың ағасы Айдар Асқарбек Баян Алагөзованың қамқорлығында жүрген Жарқынай Ханайымға үйлену туралы ұсыныс жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

14 ақпан күні Айдар Асқарбек өзінің сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасаған, оның ғашығы Жарқынай оған келісімін беріпті. 

Ең қызығы, олар «Рауза» телехикаясында ғашықтардың рөлін сомдаған. Бір-бірімен түсірілім кезінде танысқан олардың кейіпкерлерінің махаббаты баянды болмаған көрінеді. Десек те шын өмірде Айдар мен Жарқынай жұп болып кеткен. 

Алғашында, әншілік қырымен танылған Жарқынай Ханайым, енді актриса ретінде бағын сынап жүрген сыңайлы. Айдар Асқарбек өзі болса, Аша Матайдың ағасы әрі Баян Мақсатқызының жиені екен. 

 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз