«Арыстан ағам менің ірі арыстан, ірі арыстан ішінде тірі арыстан»

0

Арыстанбек Мұxамедиұлына!

Арыстан ағам менің ірі арыстан,
Ірі арыстан ішінде тірі арыстан.
Дәл біздің Арыстандай бола алмайды,
Мықтымын деседағы мың арыстан.
Америка, Лондон мен Париж, Берлин,
Бәрінде бағындырған бір Арыстан.
Димаштай дүлдүліме қанат байлап,
Ән-күйін асқақтатқан дүр-Арыстан.
Қазақтың айтысына құлақ түріп,
Елдің мұңын тыңдаған жыр-Арыстан.
Спорттың саңлақтарын топқа қосып,
Желбіреп жетіп жатыр ту алыстан.
Қазақтың әдебиетін аспандатып,
Дос түгіл қуануда, сірә, дұшпан.
Қазақтың киносына көрік беріп,
Көгімізде қыран құс, ұлар ұшқан.
Жасай бер жарқыраған министрім,
Ел үшін еңбек етіп құрақ ұшқан!

Айсәуле Бейсенxан

«Қамшы» сілтейді