Арыстағы жарылыс кезінде зардап шеккен бала көз жұмды

0

Сегіз жасар бала бір ай комада жатқаннан кейін 2 тамыз күні таңертең жан тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 2 тамыз — Sputnik.  Арыстағы жарылыстардан зардап шеккен сегіз жасар бала бір ай комада жатып, көз жұмды.

Бала 2 тамыз күні таңертең Нұр-Сұлтан қаласының №2 балалар ауруханасында қайтыс болған. Бұл ақпаратты Sputnik Қазақстан тілшісіне елорда денсаулық сақтау басқармасы растады.

«Иә, біз бұл фактіні растаймыз», – деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі.

Бала 24 шілде күні Арыстағы жарылыстар кезінде басынан жарақат алып, комаға түсті. Дәрігерлер оның жағдайы өте ауыр деп бағалады. Ол санавиациямен Нұр-Сұлтанға жеткізілді.

Тағы оқыңыз: Тоқаев қорғаныс министріне қатаң сөгіс жариялады 

Естеріңізге сала кетейік, Арыстағы жарылыстар салдарынан екі әскери қызметкер мен жергілікті тұрғын қаза тапқан болатын. Қала тұрғындары шұғыл түрде көршілес аудандар мен Шымкент қаласына көшірілді.

Қалада минадан тазарту жұмыстары жүргізілді, 28 маусымда тұрғындар үйлеріне қайта бастады.

Қазақстанның қорғаныс министрі төтенше жағдайдың алдын ала себептерін жариялады. Нұрлан Ермекбаевтың айтуынша, электр қуатының қысқа тұйықталуы, қандай да бір оқ-дәрідегі химиялық реакция, диверсия, кездейсоқ заттың тиюі немесе шөптің өртенуі қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.  



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз