Арыстағы алқаптардан 200-ден астам снаряд қалдықтары табылды – Қазақстан жаңалықтары

0

Түркістан облысының Арыс қаласында егістік алқаптарында 200-ге жуық оқ-дәрі қалдықтары табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі

Бұл туралы бүгін ҚР қорғаныс министрінің орынбасары Бақыт Құрманбаев мәлім етті. 

«Құлаған оқ-дәрі ізі табылған жағдайда, шұңқырда оқ-дәрі қалдықтарының бар-жоғы тексеріледі. Мұндайда 5 метрге дейінгі тереңдікті қамти алатын бомба іздеу құралы қолданылады. Олар өзінің тиімділігін көрсетті. Егістік алқаптарын тексеру барысында 1,5 метрден 3 метрге дейін жерге кіріп кеткен 200-ден астам оқ-дәрі қалдығы табылып, алынды», – деді вице-министр.

Қазіргі таңда табылған қалдықтарды жою барысында барынша сақтық шаралары сақталады екен.

«Жарылу қаупі бар қалдықтармен жұмыстар кезінде саперлер қорғаныс костюмының «Сокол» және «Сақтау» сынды жеңіл үлгілерін, сонымен қатар «Сауыт» сынды ауыр үлгілерін киеді. Оқ-дәрілердің жарылу қаупі бар қалдықтары жол талғамайтын үшөстік бортты автомобильдермен тасымалданады. Олар жүргізушіні тосын жарылыстан қорғай алады», – деді Құрманбаев.

Бұған қоса ол аймақтан бір жыл ішінде 380 мың оқ-дәрі табылып шығарылғанын атап өтті. Олардың 300 мыңнан астамы жарылу қаупі бар көрінеді. Вице-министрдің сөзінше, кейбір снарядтар 15 шақырым жерге дейін ұшып барып құлаған. 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз