Аружан Саин: Қазақстанда балалар үйі болмайды – Қазақстан жаңалықтары

0

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин журналист Вадим Борейкоға берген сұхбатында Қазақстандағы балаларын үйін толықтай жапқысы келетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Аружан Саин: Қазақстанда балалар үйі болмайды

Сұхбат барысында Саин нақты мәселелердің шешімімен айналысуға ниетті екенін жеткізді. Солардың бірі – балалар үйін жабу. 

«Мен бұл қызметке келіскенімде, мемлекет басшылығымен сөйлесіп: «Міне, бейшара балалар бар, оларды анықтап, аяңыздар», – деген оймен келгім келмейтінін айттым.

Бізде жүйелік проблемалар бар және бірнеше бағытта олар маңызды әрі терең. Осы жүйелік мәселелерді шешіп, жаһандық өзгерістерге қол жеткізу мүмкіндігін иеленгім келеді», – дейді Саин.

Аружан Саин ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар балалар үйі мен мекемелерінде өмір сүрмеуі керек деген пікірде.

«Ата-анасыз қалған әр баланы полицейлер қоқыстан немесе вокзалдан тауып алып жатады. Мұндай жағдайлар бізде сирек кездеспейді. Анасы көз жұмған, туыстары жоқ. Баланы бейәлеуметтік отбасынан алды – ол мемлекеттік мекемеге емес, кәсіби отбасыға орналастырылуы керек. Мұндай отбасылар мемлекетке жұмыс істейді және мемлекет баланың мәртебесін анықтап, туыстарын тауып, мүмкін болса, оны биологиялық отбасына қайтару үшін шаралар қабылдамайынша немесе ол балаға асырап алатын тұрақты отбасын таңдамайынша, біраз уақыт көлемінде аптасына 7 күн, тәулігіне 24 сағат бойы қарайды.

Бала балалар үйінде өмір сүрмейтін болады. Бізде балалар үйі және шетелден асырап алу жағдайы болмайды», – дейді жоспарларымен бөліскен Аружан Саин.

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз