«Армата» танкісін Сирияда не үшін сынақтан өткізіп жатыр

0

Сирия аумағында «Армата» T-14 танкісінің жауынгерлік жағдайда сынақтан өткізілуі, бұл өнімнің одан әрі жетілдірілуін қамтамасыз етеді

Мұндай қадам Мәскеудің халықаралық нарықтағы қару-жарақ технологиясының басымдығын бекітуге деген ұмтылысын айғақтайды, деп жазады әскери шолушы Александр Хроленко.

«Армата» платформасындағы жаңа Т-14 танкін нақты ұрыс жағдайында ұзақ мерзімді сынақтан өткізу аяқталып келеді. Бұл Ресей қорғаныс министрлігінің айрықша талаптары ескерілген әрі ең алдыңғы қатарлы технологиялар мен ерекше сандық бағдарламалар және шешімдерге бағытталған жауынгерлік танкті қалыптастырудың ең тиімді тәсілі. 19 сәуірде Ресейдің индустрия және сауда министрі Денис Мантуров ресейлік «Армата» танкісі Сирияда жауынгерлік сынақтардан өткендігін және техника әскерилерге 2021 жылдан бастап жеткізіле бастайтынын мәлімдеді.

Сенсациялық мұндай мәлімдеме шетелдік баспасөзде үлкен резонанс тудырды.

«Армата» ерекше назар аударуға тұрарлық техника. Бұл экипажға арналған брондалған капсуласы бар үшінші толқынды әлемдегі жалғыз шетелдік бронды көлік санатында. Соның ішінде америкалық Abrams пен француздық Leclerc және немістің Leopard – 2-ден асып түседі. 2019 жылы ресейлік танк әлемдегі дамыған 12 елдің арасынан ең үздік деп танылды. Сондай-ақ,  әлемде «Армата»-ның бәсекелесі де, баламасы да жоқ.

Танк экипажды бөлек орналастыру арқылы (брондалған капсулада) модульдік негізде жасалған. Ал қашықтан басқарылатын қару-жарақ, жеткізілетін жанармай мен оқ-дәрілер –жоғары әскери тиімділік пен техниканың өміршеңдігін көрсетеді. Сондықтан да аталған техника қайта жаңғырту мен роботтандыру үшін шексіз мүмкіндіктерге ие. Тактикалық қару бөлімшелерін басқарудың автоматтандырылған жүйесіне интеграциялау қарастырылған.

Жауынгерлік сипаттамасы

Сарапшылар «Армата»-ны ықтимал қарсылас танкілерге қарағанда 25-30% тиімді және төзімді деп санайды. Экипаж мүшелері (үш адам) танк корпусында орналасқан брондалған капсулада 2A82 125 миллиметрлік тегіс ұңғылы зеңбіректі қашықтан басқарады. Бұл экипажға көп жағдайда заманауи басымдыққа ие танкке қарсы снарядтар мен ракеталар мұнарасына дөп соққы берген соң және оқ-дәрілер атылғаннан кейін аман қалуға мүмкіндік береді (автоматты тиегіште әр түрлі мақсаттағы 40 снаряд бөлек орналасқан). Сондықтан да бұл әлемдік танк құрылысы саласында мүлдем жаңа шешім болып табылады.

125 миллиметрлік зеңбіректің атыс қуаты барлық танк зеңбіректерінен асып түседі (120 миллиметрлік Леопард-2А6 жүйесін қосқанда) және ату шапшаңдығы минутына 12 айналымға жетеді. «Армата» оптикасы күндіз 5 шақырымға, ал түнде 3,5 шақырымға дейінгі нысандарды анықтауға мүмкіндік береді. Зеңбіректер мен танк пулеметтері және көздеу тетіктері қозғалыс кезінде де атыс жүргізуге ыңғайлы. Салмағы 48 тонна болатын машина жылдамдығын сағатына 90 шақырымға дейін үдете алады. 1 500 аттың күшіне ие дизельдік қозғалтқыштың моторесурстық күші 2 000 сағатты құрайды.

Болашақта «Армата» қашықтан басқару құралына иелік етеді. Яғни, танкте адам отырмайтын болады (экипаж үшін ең жақсы қорғаныс – оның бортында болмау). Қалыңдығы 900 миллиметрден асатын берік әрі жеңіл жаңа бронды қорғаны түрін мәскеулік Болатты ғылыми-зерттеу институты ойлап тапты (салмағын 55 тоннаға дейін төмендету техниканың маневр жасау мүмкіндігін арттырады).

Шынжыр табанды «Армата» әмбебап машина. Ол жаяу әскерге қарсы жаңа ауыр машиналар өндірісі мен барлау машиналарын, басқару құралдарын және инженерлік жабдықтарды шығаруға септігін тигізіп, танктерді қолдауға қызмет етеді.

«Армата» танкісінің «эшелондалған қорғанысы» бар. Дәстүрлі пассивті «Малахит» қорғаныс кешенін «Афганит» белсенді қорғаныс кешені толықтырады. Ол автоматты түрде экипаждың тікелей қатысуынсыз, танкке қарсы снарядтарды, бомбалар мен ракеталарды жояды. «Афганит»-тің радио-оптикалық радарлы (төрт фазалы антенна торлары) «танктік интелектісі» қауіптер туралы ескертіп, содан кейін қарсыластың зымырандарын радиоэлектронды жүйе арқылы істен шығарады.

«Афганит» көзделген нысандарын физикалық тұрғыдан жойып жіберуі мүмкін, ал «Реликт» модулдік кешені үлгісіндегі «Малахит»-тің динамикалық қорғанысы тандем түріндегі снарядтар мен зымырандарды жоюға қабілетті. Арнайы жабынды қолданылған танктің күрделі сұлбасы объектінің жылу және радиолокациялық спектрлерде көрінуін едәуір төмендетеді.

Қайта жабдықтау мен экспорттау

Ресей армиясының жалпы қажеттілігі 2 300 «Армата» танкін құрайды деп анықталған. Ал қорғаныс министрлігі жыл сайын 200-ге жуық танк сатып алуды жоспарлап отыр. Бірінші кезеңде, 2016 жылдың қыркүйегінде «Уралвагонзавод» компаниясымен жасалған келісімшарт тізімінде 100-ден астам машина деп көрсетілді. «Армия-2019» форумында ресейлік әскери ведомство «Армата» платформасындағы 132 әскери техникасын Т-14 (танк) пен Т-15 (ауыр жаяу әскер техникаларын) сатып алу туралы келісімшартқа қол қойды (оның орындалу мерзімі – 2021 жылдың соңына дейін).

«Армата» платформасындағы танктердің мемлекеттік сынағы 2020 жылы аяқталады деп жоспарлануда. Ал жаңа машинаның әскери өмірі енді басталуда. Бірақ сынақтар Арктика мен Сирияда және планетаның басқа да қатал жерлерінде (температура көрсеткіші -50-ден +50 градусқа дейінгі аралықта) сәтті аяқталды. Осылайша, қару-жарақтың революциялық жүйесінің жаңа дәуірінде оның жоғары тиімділігі мен өміршеңдігі дәлелденді. Ендігі жерде әлеуетті шетелдік сатып алушылардың қызығушылығы туындауы заңдылық.

Айта кетейік, «Армата» – бұл қымбат танк. Біреуінің өзі 7 миллион долларға дейін бағаланатын бұл техника жоғары технологиялық құрылымымен, маңызды сынақтан сәтті өтуімен және модернизациялық циклімен құнды (өндіріс көлемінің артуымен өзіндік құны азаяды). Қазіргі әлемде тамаша қару көптеген мемлекеттер үшін егемендіктің таптырмас құралы болып табылады. Ал Мәскеуге Т-14 танкісін алуға алдын-ала өтінімдер келіп түсе бастады (Мысыр, Үндістан, Қытай және басқа елдермен келіссөздер жүргізілді). «Армата» Ресей армиясында пайда болғаннан кейін ғана шетелге жеткізілімдер басталады. Әрине, экспортталатын техниканың сыртқы түріне паспорт алғаннан кейін (ал бұл оңай емес).

Т-14 танкі ғаламшардың көптеген ыстық нүктелеріндегі ресейлік қару-жарақтың даңқын арттырады. «Армата»-ға енгізілген алдыңғы қатарлы технологиялық шешімдер ХХІ ғасырда өзекті болып қала береді. Шетелдік сарапшылар бұл техниканы Ресейдің ықтимал жауы үшін ең қауіпті құрлық қарулары рейтингінде бірінші орынға қоюы кездейсоқ емес. Германия мен Францияның әскери кафедралары «Армата»-ға лайықты бәсекелесті дамытуға тырысуда.



sputniknews.kz