Арабтар коронавирусты анықтау үшін иттерді қолдана бастады

0

Біріккен Араб Әмірліктері адамдардан COVID-19-ды анықтау үшін иттерді қолдана бастады.

Бұл туралы Al Arabiya хабарлады.

Бірнеше сынақ өткізіліп, нәтижесінде полиция иттерінің жоғары дәлдікпен коронавирустық инфекцияны анықтайтыны белгілі болды.

«Иттер анықтаған COVID-19 жағдайларының 92%-і дәл болып шықты», – делінген хабарламада.

Үйретілген иттер көшеде патрульдеу кезінде, вокзалдар мен әуежайлар сияқты адамдар көп жиналатын жерлерде коронавирус жұқтырған адамдарды анықтай алады.

24.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз