Ақын Мұхтар Шахановтың денсаулығы туралы тың ақпарат шықты

0

Қазір ғана Мұхтар Шаханов ағамызға жолығып қайттық. Аурухана қаланың сыртында. Ішке кіргізбейді.

Мұхтар ағамызбен терезе сыртынан тілдестік. Жағдайы жақсы.
Дәрігері: «Екі-үш күнде шығарып қаламыз», — деді. Сосын өз тілінде Мұхаң ауруының мөлшерлік деңгей көрсеткішін айтып шықты.

Біз өз тарапымыздан: «Ол қанша болуы керек еді?», — деп сұрадық. Білгеніміз, Мұхаңдыкі сол қалыпты деңгей шамасында екен. Дәрігер де қазақ қой, ол да: «Әлеуметтік желіде айтылып жатқан әңгімелері біз де естідік. Сондықтан дәрігер ретінде айтамын.

Мұхтар Шахановтың жағдайы өте жақсы. Менің осы сөзімді халыққа жеткізіңіз», — деді. Мен дәрігер қарындасыма: «Мұхаңды жақындау жерден суреттке тартып беріңізші», — деп өтініш жасадым. Мұхаң өзін суретке түсіретінін білгенде шашын тарақтап, реттеле бастады.

Жалпы ауруханадан осындай қуанышты көңіл ауанында қайттық. Баршаңызға рахмет, тілеулес ағайын!

Құдияр Біләл, Facebook парақшасынан