Ақтөбедегі зауытта құрбан болғандардың саны беске жетті – Қазақстан жаңалықтары

0

Ақтөбе хром қосындылары зауытында зардап шеккендер саны беске жетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

3 маусымда 28 мамырда зауыттың цехында жұмыс істеп, жарақат алған екі жұмысшының бірі көз жұмды.

«1988 жылы туған азамат алған жарақаттарынан көз жұмды. Оның денесінің 60 пайыздан астамын қатты күйік шалған. 1984 жылы туған екінші науқастың жағдайы біршама тұрақты. Ол реанимациядан палатаға ауыстырылды», – деді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, нәтижесінде жанармай құю бекетінің үш лауазымды тұлғасы ұсталып, қамауға алынды. Полиция тергеу жүргізуде.

Естеріңізге сала кетейік, 28 мамырда Ақтөбе хром қосындылары зауытында 50 цистернаны тазарту кезінде ыстық қысыммен адамдарға ыстық бу құйылып кетті. Өндіріс орнының мастері және сол жерде болған үш жұмысшы оқиға орнында көз жұмды. Зауыттың тағы екі жұмысшысы қатты күйік алды, бірақ аман қалды, олар реанимацияға жіберілген еді.
 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз